Весенняя битва стартапов в Алматы Стартаптардың Алматыдағы көктемгі сайысы
12.04.2017, 10:55

Весенняя битва стартапов в Алматы Стартаптардың Алматыдағы көктемгі сайысы

Almaty Tech Garden инноваторларды, әзірлеушілерді, жас ғалымдар мен студенттерді 27-ші сәуірде «Тұран» университетінде өткізілетін стартаптардың көктемгі сайысына қатысуға шақырады.

Іс-шара стартап жобаларға қолдау көрсетуге бағытталған 3 байқауды біріктіреді: Startup Day, TG Cup хакатоны және Microsoft Imagine Cup.

Іс-шараны ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің қолдауымен Almaty Tech Garden ұйымдастырып отыр. Microsoft Kazakhstan және «Тұран» университеті шараның әріптестері болып табылады.

«TG Cup» – нарықтағы жетекші компаниялардың, ұлттық компаниялардың, үздік технологиялық кәсіпорындардың, халықаралық жане басқа да ұйымдардың технологиялық мәселерін шешуге мүмкіндік беретін хакатон. Соның ішінде, IBM, DAR Ecosystem, ТОО «Современные инновационные технологии» және т.б. компаниялардың мәселелері ұсынылады. «Startup Day» - жер қойнауын қолданушылардың технологиялық мәселелерін шешуге бағытталған инновациялық жобалар байқауы. Аталмыш жобан аясында қатысушылар ұсынылған мәселелерден басқа, өз стартаптарын да ұсына алады. Стартаптар келесі бағыттар бойынша қарастырылады: индустрия 4.0, ақылды қала, жаңа материалдар, қаржылық технологиялар. Екі байқауға арналған технологиялық мәселелер, сондай-ақ, байқаулар жайлы толық ақпарат Almaty Tech Garden веб-сайтында орналастырылған (techgarden.kz). Сонымен қатар, барлық жобалар 100 000 $-ға дейін қаржыландырылатын Startup Kazakhstan халықаралық акселерациялық бағдарламасына қатысуы қарастырылған.

Жүлделер:

1 орын – 1 000 000 теңге, 2 орын – 500 000 теңге, 3 және 4 орындар – 250 000 теңге Шара әріптестерінің қосымша жүлделері (тағылымдамадан өту, шешімдерді жүзеге асыру келісімшарттары және т.б.) Almaty Tech Garden акселерациясына қатысу

«Startup Day» және «TG Cup» байқауына қатысу үшін сұранымдар 2017ж. 23 сәуірге дейін қабылданады: https://techgarden.kz/cup2017

«Imagine Cup» – Microsoft компаниясы ұйымдастыратын, студенттер арасындағы технологиялық байқаулардың жобасы. Байқау Microsoft компаниясының технологиялық шешімдерінің негізінде жүзеге асырылған жобаларды қолдау мақсатымен бүкіл әлемнің ең дарынды студенттерін біріктестіреді. 27 сәуірдегі ұлттық Қазақстанда өтетін ұлттық финалдың жеңімпаз тобы анықталып, топтың мүшелері өз жобаларын Киев қаласында өтетін аймақтық финалда ұсына алады. Байқаудың шарттары бойынша бір топтың мүшелері 3 студенттен аспау керек. Сонымен бірге, 1 ментордың (студент емес, тәлімгер, жетекші) қатысуына рұқсат етіледі.  

Жүлделер:

Қазақстандық ұлттық финалдың жүлдегері Киев қаласында өтетін ImagineCup аймақтық финалына қатысу АҚШ-та өткізілетін, $100 000 жүлделі, жаһандық финалға қатысу мүмкіндігі (өңірлік финалдың жеңімпазы үшін)

«Imagine Cup» байқауына қатысу үшін сұранымдар 2017ж. 15 сәуіріне дейін қабылданады: https://compete.imagine.microsoft.com/en-us/competition/17695

 

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер