«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында іске асырылып жатқан маңызы аса зор жоба туралы айтуға тиіспін. Ол – Астанадағы жаңа теміржол вокзалының құрылысы. Құрылыс және әрлеу жұмыстары биыл мамыр айында аяқталатын болады. Жалпы алғанда, жаңа вокзалдың өткізу қабілеті – тәулігіне 35 мың жолаушыны құрайды. Ал қолданыстағы вокзалмен қоса алғанда – тәулігіне 48,8 мың жолаушы болады. Бұл астаналық жолаушылар ағынына, оның ішінде халықаралық көрмені өткізу кезінде де, сапалы қызмет көрсетуді толығымен қамтамасыз етеді»,-деп атап өтті Жеңіс Қасымбек.
Сондай-ақ, «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында «Астана қаласының жаңа терминалын салу және әуежайының ұшу-қону алаңын қайта жаңғырту» жобасы жүзеге асуда.
Жоба бойынша жаңа жолаушылар терминалының, тұрақ орындарының құрылысы, инженерлік инфрақұрлымды, перронды қайта жаңғырту және аумақты абаттандыру көзделген.
Министр атап өткендей, әуежайдағы барлық құрылыс жұмыстары биылғы жылдың 15 мамырында аяқталатын болады.