Теңіз порты арқылы тасымалдау тиімділігі артады
03.11.2016, 15:53

Теңіз порты арқылы тасымалдау тиімділігі артады

Ақтау портында құрғақ жүктерді ауыстырып тиеу бойынша өсім байқалады. Металлдарды ауыстырып тиеу бойынша 25 %-ға, астыұ пен паромдық жүктерді ауыстырып тиеу бойынша жұмыс көлемі 2 есеге дейін өскен. Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысында мәлім етті. Оның айтуынша, биыл  9 айда порт арқылы 10 мың автокөлік құралдары тасымалданған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 5 есе көп.

Жыл басында «Бір терезе» қағидаты бойынша құжаттарды ресімдеудің жаңа тәртібі енгізілді.  «Бір терезе» арқасында құжаттарды ресімдеу жұмыстары 2,5 есеге қысқарды (орташа 4 сағатқа).  Сондай-ақ, порттарда автокөлік жүргізушілеріне барлық жағдай қарастырылған. Жүктерді өңдеу жұмыстарын оңтайландыру үшін өндірістік процестерді автоматтандыру жалғасуда.

Министр атап өткендей, «Осы шараларды жүзеге асыру арқылы Ақтау портында Каспий теңізіндегі жалпы жүк айналымының көлемін 35 %-ға дейін арттырылады, құрғақ және паромдық жүктерді ауыстырып тиеу көлемінің өсуіне жол ашылады».

2015 жылдың нәтижесі бойынша жалпы жүк айналымында 22%-дық үлеспен Ақтау порты Каспийде көшбасшылық орында қалуда.

Өткен жылы Ақтау портында қуаттылығы 3 млн. тоннаны құрайтын 3 құрғақ жүк терминалдарының құрылысы аяқталды. Құрық портында қуаттылығы жылына 4 млн. тоннаны құрайтын паромдық кешеннің құрылысы жүргізілуде.

Нәтижесінде теңіз порттарының өткізу мүмкіндігі 23,5 млн. тоннаға дейін жеткізіледі.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер