EXPO 2017 инвесторларды Қазақстанға қаржы құюға болатынына сендірді
12.10.2017, 16:25

EXPO 2017 инвесторларды Қазақстанға қаржы құюға болатынына сендірді

EXPO 2017 инвесторларды Қазақстанға қаржы құюға болатынына сендірді. Бұл туралы Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында ҚР ИДМ Инвестиция бойынша комитеті төрағасының орынбасары Лариса Жұмағалиева мәлімдеді, деп хабарлайды ЭКСПО-2017 медиа орталығына сілтеме жасай отырып silteme.kz.

Министрліктің өкілі шаралар мен кездесулердің көптігін атап өтті.

«Көрме аясында инвестициялар және даму министрлігі 170 астам іс-шара өткізді: 13 министрдің сапары, 12 Ұлттық күн, үкіметаралық комиссиялардың үш отырысы, 76 екіжақты кездесу, вице-министрлердің қатысуымен өткен 61 кездесу», - деді төраға орынбасары.

Лариса Жұмағалиеваның ойынша, тікелей шетелдік инвестицияларды тарту бойынша өнімділігі жоғары болған шара Қазақстандық-қытайлық Іскерлік Кеңес. Ол ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің Қазақстанға жасаған ресми сапары барысында ұйымдастырылды. Форум аясында жалпы сомасы 5 млрд. доллардан асатын нақты 21 келісім жасалды.

Сол секілді ұзақмерзімді ынтымақтастық бойынша тиімді саналатын Қазақстандық-америкалық бизнес-форумға екі елдің ресми органдарынан бөлек, бизнес өкілдері де қатысты.

Неміс кәсіпкерлері Қазақстан экономикасына 973 млн. еуроға жуық қаржы инвестициялайды. Дәл осы сомаға Қазақстандық-германдық Іскерлік Кеңесінің сауда-экономикалық ынтымақтастығы бйоынша жұмыс тобының отырысында 20 келісімге қол қойылды. Лариса Жұмағалиева көрсеткендей, барлық келісімдер декларативтік емес, коммерциялық сипатқа ие.

Осыған ұқсас өнеркәсіптің әртүрлі салаларында нақты инвестициялық жобалар бойынша шешімдерге қол жеткізуге бағытталған шаралар Австрия, Канада, Франция, Түркия, Польша, Белоруссия және өзге де елдердің делегацияларымен өткізілді.

«Өткізілген шаралар екіжақты ынтымақтастықтың нығаюы, инвестиция тартудан тәжірибе алмасу, алуан түрлі салалардағы өзара тиімді ортақ жобаларды әзірлеу мен жүзеге асыру, шағын және орта бизнес бойынша байланыстарды кеңейтіге, сондай-ақ өңіраралық қатынастарды нығайтуға септігін тигізеді», - деп көрсетті Л. Жұмағалиева.

Жобалар кейінге қалдыру сипатына тән емес, Лариса Жұмағалиеваның айтуынша, олардың ішінде 4 млрд. долларды құрайтын 12 жоба биыл басталады. Алайда табыс тез түседі деп күтуге болмайды.

«Инвесторлар Қазақстанға қаржы құюға болатынына сенді. Әрине, барлық келісімдер мен меморандумдар 100% жүзеге асырылады деу әлі ерте. Инвесторлар Қазақстанға енді кіруде, олар біздің инвестициялық климатымызды, құқық базасын зерттеу үстінде. Содан кейін барып олар Қазақстанға қандай мөлшерде инвестиция салатыны бойынша шешім қабылдамақ. Келесі кезең үшін инвестициялар мен даму министрлігі және Kazakh Invest толық жауапты», - деп түсіндірді ИДМ өкілі.

 

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер