Шет ел инвесторларынан келер қауіп жоқ
29.09.2016, 17:28

Шет ел инвесторларынан келер қауіп жоқ

Бүгінде АҚШ, Қытай сияқты алпауыт мемлекеттер Қазақстанның экономикасына қыруар қаржы құйып жатыр. Осыған байланысты ел егемендігіне, экономикалық дербестімізге қауіп төнбей ме? Әлеуметтік желілерде кеңінен талқыланып жатқан осы бір мәселе жайында ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек те жақсы біледі. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен бүгінгі баспасөз мәслиxатында министр аталған сұраққа жауап берді, деп xабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Қазіргі кезде бізде 380 жаңа жоба (шетелдік инвесторлармен бірлескен – авт.) қолға алынған.Соның ішінде Қытай да, Ресей де, Түркия да, Америка Құрама Штаттары да бар. Мәселен, Қытай Халық Республикасымен бірлесіп атқаратын жобалардың көлемі 14-15-ақ пайызды немесе 51 жобаны құрап отыр.

Сондықтан аталған көрсеткіш ел егемендігіне қауіп төндіреді деп айту дұрыс емес. Оған қоса, бірлескен жобалардың көбісінің акционерлері Қазақстан азаматтары мен компаниялары. Қытай жағы тек қаржы мен қажетті құрал-жабдықтарды жеткізіп отырады», - деп атап көрсетті Ж.Қасымбек.

Сондай-ақ ол бірлескен жобалардың экологияны ластап, оған қандай да қауіп төндіретінін жоққа шығарды. Себебі соңғы жылдары Үкімет тарапынан ауаны ластаушы өндіріс орындарына қатысты заң қатайтылып, әкімшілік жазалар күшейтілді.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер