Ж.Қасымбек тапсырыс берудің тың тәсілдерін таныстырды
27.09.2016, 18:19

Ж.Қасымбек тапсырыс берудің тың тәсілдерін таныстырды

ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбектің айтуынша, осы уақытқа дейін инновацияларға бөлінген қыруар қаржы өз тиімділігін берген жоқ.

Себебі белгілі бір стартапты коммерциялық өнімге айналдыруға «ақша жетпей қалған». Енді жаңа инновациялық саясат аясында экономиканың нақты салалары белгіленбек. Ал тапсырысты мемлекет емес, өндіріс ошақтары жасайды.

«Осы жұмысқа білім және ғылым министрлігі белсене атсалысады деп үміттенеміз. Біз аталған министрлікпен бірге Қазақстанның жаңа инновациялық саясатының таныстырылымын жасаймыз. Алдағы бір айдың ішінде осы құжатты даярлап, бұқаралық ақпарат құралдарына таныстырамыз деп жоспарлап отырмыз»,-деді Ж.Қасымбек Орталық коммуникациялар қызметінде өткен бүгінгі баспасөз мәслиxатында. 

Осы орайда журналистер «Сіз өзіңіз қандай инновацияларды қолданасыз? Соның ішінде қазақстандық инновациялар бар ма?» деген сұрақ қойды.

«Соңғы жылдары ел басшылығы мен үкімет инновациялық саясатты қайта қарап, жаңадан қолға алу мәселесін неге көтеріп отыр? Біз индустрияландыру саласында инновациялар мәселесін кеңінен пысықтап алуымыз қажет. Себебі бүгінде бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ әлеуметтік желілерде біз индустрияға тым көп көңіл бөлетініміз жайында жиі айтылады. Соның салдарынан инновациялар тыс қалды деген пікір бар. Шын мәнінде, біз осы саладағы қорлар мен ұйымдардың қызметін зерделеп, бірлесіп жұмыс істеу қажеттігін түсіндік. Қазіргі кезде ондай инновациялық гранттармен айналысатын 6-7 қор бар. Олар бізде де, «Бәйтеректе» де, білім министрлігінде де, сан алуан мемлекеттік xолдингтерде де бар. Енді біз инновациялық гранттар саласындағы жұмысты өзгертуді көздейміз», - дейді министр.

Оның айтуынша, осы уақытқа дейін инновацияларға қыруар қаржы бөлінді. Алайда бір стартапты нақты коммерциялық өнімге айналдыруға «ақша жетіспей қалды». Енді жаңа бағдарлама аясында нақты жобаларды анықтау жоспарланған. Ал тапсырысты өндіріс орындары жасайтын болады.

«Өйткені инновация кімге керек? Өндіріске. Демек осы өндіріс ғылымға тапсырыс беруі тиіс. Қазір біз инновациялық гранттарды барлық салаға беріп келеміз. Бірақ соның барлығы нарыққа жетпей жатады. Мен өзім гаджет (бұрын планшеттерді шығару жобасы да болған - авт.) немесе басқа бір Қазақстанда жасалған бірде-бірде инновацияны қолданып жүрген жоқпын. Сол себепті жаңа инновациялық саясат туралы құжатта барлық мәселені ескеріп, ел экономикасына қажетті нақты салаларды белгілеп алуды көздейміз. Индустрия мен инновациялар қатар жүру үшін осындай шешім қабылдадық»,-деді Ж.Қасымбек.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер