ҚазАТЗУ

Показать содержимое по тегу: ҚазАТЗУ

ҚР Президенті Қ-Ж. Қ. Тоқаев өзінің халыққа Жолдауында: «қазіргі әлемде бәсекеге қабілеттіліктің басты факторларының бірі терең цифрландыру болып табылады. Қазақстан үшін заманауи цифрлық технологиялар трансфертін, Индустрия 4.0 элементтерін енгізу аса маңызды. Біз шетелдегі стратегиялық серіктестерімізбен белсенді жұмыс істеуіміз керек. Бұл ретте отандық IT-секторын өркендетіп, нығайту керек. Елімізге жас, білімді, ынталы кадрлар қажет. Цифрландыру жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде кемінде 100 мың жоғары санатты IT-мамандар даярлау керек», - деп атап өтті. Мемлекет басшысының жолдауын жүзеге асыру мақсатында С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде Platonus Lab зерттеу зертханасының ашылды. Бұл ҚР Ауыл шаруашылығы министрі А.С.Сапаров атап өткендей, Қазақстанда АӨК дамыту жөніндегі ұлттық жобаға сәйкес, аграрлық секторды толығымен цифрландыру және жер ресурстарын ұтымды пайдалану арқылы ауыл шаруашылығының тұрақты дамуын қамтамасыз етуге де тікелей қатысты. С.Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ әрбір студент үшін сапалы білім беру мақсатында білім берудің заманауи әдістеріне сүйеніп, бәсекеге қабілетті маман әзірлеуге басты мән беруде. Бұл ретте ғылыми зерттеу зертханаларының атқарар ролі зор.

Жоғары оқу орындарындағы цифраландырудың маңыздылығын ескере отырып, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек: «Бүгінде бүкіл әлемде және біздің елімізде университеттердің трансформациясы мен миссиясы туралы айтылуда. Білім беру саласында қызықты эксперименттер басталды. Цифрлық технологиялар, әсіресе жоғары білім беру саласында күн сайын өзгеріп отырады. Біздің заманауи үрдістер мен талаптарға бейімделуіміз керек», – деп атап өткен болатын.

Әлемдегі қаржы алпауыттарының әулетінің көрнекті өкілі Н.Ротшильдтің «Ақпарат білген адам әлемді билейді» деген сөзі баршамызға белгілі. Platonus Lab зерттеу зертханасы университетіміздегі ақпараттық-білімдік ортаның оқу үдерісінің мақсатын көрсетіп қана қоймай, университетіміздің сандық білім беру қорларын дамытып, оқытудың жаңа тиімді әдістерін қолдана отырып, бағдарлама дайындау ісіне терең бойлатып, оқу үдерісінің экономикалық тиімділігін арттырады.

Platonus Lab зерттеу зертханасының ашылуына ҚР Ғылым және жоғары білім Вице-министрі Д.Р.Щеглова, Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің бірінші вице-министрі Қ.А. Төлеушин, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешенді цифрландыру және Мемлекеттік қызметтерді дамыту департаменті директорыБ.Қ.Алпысбеков, Аманат партиясы Астана қалалық филиалы Төрағасының орынбасары М.Ә. Болысбек,  «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттык кәсіпкерлер палатасы басқарушы директоры А.А.Бейсенбеков, «Platonus» ЖШС Бас директоры А.М.Испусинов, сондай-ақ, зертхананың ашылуына «Ақпараттық жүйелер» кафедрасының жұмыс беруші серіктестері, ғылыми зерттеу институттары мен өзге де ЖОО өкілдері қатысты.

Platonus Lab зерттеу зертханасын құру «Platonus» ЖШС демеушілік көмегінің арқасында мүмкін болды.

«Platonus» ЖШС-мен бірлесіп кафедра білім беру процесін цифрландыру саласында студенттерді тарта отырып, ғылыми зерттеулер жүргізуді жоспарлап отыр.

Platonus Lab зерттеу зертханасының аясында білім алушылардың өздік жұмысқа дайындалуына, сондай-ақ оқу жоспары бойынша курстық, дипломдық, т.б. өздік жұмыстың түрлерін дайындауға сағат бөлінеді. Оқу-әдістемелік бағдарламаның жиынтығы қалыптасады.

Келешекте студенттер мен магистранттар Platonus Lab бағдарламасының ақпараттық жүйесінің жасалу жолымен таныса алатын болады.

Студенттерге бұл пән бойынша оқытушылар мен зертханаға жауапты адам кеңес береді. Зертханада студенттер мен магистранттарға қажетті бағдарламалық өнімдерді қолдануға жағдай жасалған.

С.Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ Platonus Lab зерттеу зертханасы білім алушылардың компьютерлік бағдарлама жасаудағы біліктілігін қамтамасыз ететін зерттеу орталығы болып табылады. Зертхананы «Platonus» ЖШС қажетті компьютерлік техникалармен, желілік құралдармен қамтамасыз еткен.

Соңғы онжылдықтарда білім беру саласы күрт өзгерді. Енді оқу процесін интернетсіз елестету мүмкін емес. Сондықтан интернет технологияларын қолдану қазіргі уақытта білім беруді дамытудың ең ұтымды әдісі.

Соған сәйкес, университеттер тиімді білім беру модельдерін табуға мүдделі. Осыған байланысты жаппай ашық онлайн курстар, цифрлық ресурстар және т. б. ЖОО танымалдығы артып келеді.

Бейне-контенттерді, ЖАОК немесе онлайн-курстарды, мысалы, Coursera-ны ЖОО пайдалану артықшылықтарының бірі.

Университетте jalinga Studio лицензияланған бағдарламалық қамтамасыз етумен жабдықталған Jalinga интерактивті бағдарламалық-аппараттық бейне кешені белсенді жұмыс істейді, оның мақсаты білім беру үдерісі үшін цифрлық контенттерді әзірлеу.

ПОҚ әзірлеген бейне контенттер YouTube бейне хостингінде (С.Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ ресми арнасы) орналастырылып, Platonus ААЖ ПОҚ модулінде орналастырылған. Ол сілтемелер бойынша қолжетімді.

Ағымдағы кезеңде білім беру процесінің барлық үш деңгейі үшін 217 курс (152 пән, 127 автор, 104 мемлекеттік тілде, 103 орыс тілінде, 10 ағылшын тілінде) құрылды және оқу процесінде пайдалануға ұсынылған.

Бейне контентті пайдаланудың келесі кезеңі оқу процесінде де, өндірістік ұйымдарға білімді тарату үшін де, соның ішінде қашықтықтан білім беру қызметтерін ұсыну үшін MOOC құру қажеттілігі пайда болды.

Университет қызметкерлері орналастырған «ЖАОК» бағдарламалық модулі әзірленді: https://study.kazatu.kz/. Онда 25 курс орналастырылған (9 мемлекеттік тілде, 16 орыс тілінде). Олардың біршамасы тестілеуден өтсе, қалғандары енді өтеді. Курсты сәтті игерудің нәтижесі сертификат табыстаумен ерекшеленеді.

2023-2024 оқу жылында ҚР ХӘҰ-мен бірлесіп біздің университет COURSERA платформасында оқыту бағдарламасына қатысты. Бұл оқу бағдарламаларына интеграциялау мүмкіндіктерін едәуір кеңейтіп, студенттердің ынтасын арттыруға көмектесті.

Coursera әртүрлі пәндер бойынша курстардың кең ауқымын ұсынады. Бұл қолданыстағы бағдарламаларды интеграциялау үшін ең қолайлысын таңдауға мүмкіндік береді.

ҚазАТЗУ бойынша Coursera онлайн-курстарын 500 студент бітіріп, халықаралық сертификаттарға ие болды. Осы 2024-2025 оқу жылында 500 студент тіркеліп, курстардан өтеді.

Университетіміз «Platonus» ЖШС компаниясымен бірлесіп ЖАОК әзірлеп, оларды еліміздің және шетелдің барлық жоғары оқу орындарының білім алушылары үшін ашық қолжетімділікпен «Platonus» ААЖ платформасында орналастыру бойынша жұмыс жоспарланған.

Оқу процесіне ЖАОК енгізу арқылы біз келесі модельдерді ұстанамыз:

1 - үлгі. Тек MOOC: пәнді толығымен ауыстыру. Бұл жағдайда:

  • міндетті ЖАОК курстары-Білім беру бағдарламасының оқу жоспарының пәндеріне сәйкес комиссия таңдаған курстар;
  • білім алушының таңдауы бойынша ЖАОК курстары – ЖЖОКБҰ-ның ұсынылған каталогынан білім алушылардың өз бетінше таңдаған курстары, оған ЖАОКБ-ның бір немесе бірнеше платформаларының курстары кіреді.

2 - үлгі. ЖАОК-қолдау: ЖАОК пән үшін қосымша материал ретінде дәстүрлі түрде оны білім алушының өзіндік жұмысы ретінде (бұдан әрі – ЖЕҰ), "инверттелген сынып" технологиясын қолдану арқылы немесе қолданбай, іске асыру кезінде пайдаланылады.

3 - үлгі. Аралас оқыту «+ ЖАОК»: аудиториялық сабақтарды (негізінен дәрістерді) ішінара ауыстыру, сондай-ақ «төңкерілген сынып» технологиясын қолданумен немесе қолданбай ЖАОК жекелеген тақырыптарын ішінара қайта есептеу.

4 - үлгі. «ЖАОК+» аралас оқыту: дәрістерін, практикалық және семинарлық сабақтарды ішінара сақтай отырып, ЖАОК пайдалану, сондай-ақ пән бойынша ағымдағы аттестаттау мен қорытынды бақылау үшін ЖАОК-та оқу нәтижелерін пайдалану.

Жыл басынан бері С.Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ аясында өткізілген шаралардың барлығы дауылпаз ақын, мемлекет қайраткері С.Сейфуллиннің туғанына 130 жыл толуына арналған болатын. Осы жолғы университеттегі атаулы шараға ат басын тіреген Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің бірінші вице-министрі Қ.А. Төлеушинге университетіміздің ең жоғарғы марапты Сейфуллин медалін ҚазАТЗУ Басқарма төрағасы-Ректоры ҚР ҰҒА академигі Қ.М.Тіреуов табыс етті.

Іс-шара соңында С.Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ Басқарма төрағасы-Ректоры ҚР ҰҒА академигі Қ.М.Тіреуов пен «Platonus» ЖШС Бас директоры А.М.Испусинов өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Опубликовано в Technology

       С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің басшылығы мен Циндао ауылшаруашылығы университеті делегациясының іскерлік кездесуі өтті. Шетелдік делегацияны Циндао аграрлық университетінің проректоры Чжан Юмэй бастап келді.

      -  Бүгінгі күні агроөнеркәсіптік кешеніндегі реформалар бұрынғыдан да өзекті және оларды табысты іске асыру үшін жоғары білікті, бәсекеге қабілетті кадрлар қажет. Біз жаңа буын мамандарын даярлауға бағытталған университетіміздің 2025-2029 жылдарға арналған даму бағдарламасын әзірледік. Қазақстан тарихи тұрғыдан аграрлық ел және болып қала береді. Осы салаға қажет кадрлар даярлау - басым міндет. Біздің мақсатымыз – халықаралық деңгейде бәсекеге түсе алатын ауыл шаруашылығы және онымен байланысты салалар үшін элиталық мамандарды шығару. Бүгін біз әлемнің 135 жоғарғы оқу орнымен ынтымақтастық орнатып келеміз және бұл серіктестік біздің бағдарламаларымызды әлемдік стандарттарға бейімдеуге көмектеседі, - деді С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің Басқарма төрағасы-Ректоры, ҚР ҰҒА академигі Қ.Тіреуов.

       ҚазАТЗУ бүгінде Солтүстік-Батыс ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы университеті, Хэнань ауылшаруашылық университеті, Харбин ветеринарлық ғылыми-зерттеу институты,  Харбин ветеринарлық ғылыми-зерттеу институты, Оңтүстік-Батыс университеті,  Шисен картоп индустриясы тобы,  Қытайдың Шаньдун ауылшаруашылығы ғылымдары академиясы, Шыңжаң ауылшаруашылығы ғылым академиясы,  Қытай Ғылым Академиясының Ухань вирусология институты, Шыңжаң ауылшаруашылығы университеті секілді Қытай университеттерімен ынтымақтастық орнатып отыр.

       Қос тараптың шағын делегациямен кездесу аясында ғылыми жұмыс бағыттары, бірлескен зерттеулер жүргізу мәселелері талқыланды.

       С.Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ студенттері академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Франция, Жапония, Португалия, Нидерланды, Германия, Финляндия, Италия, Польша, Малайзия, Қытай, Корея және ТМД елдерінің жоғары оқу орындарында білім алып жатыр.

       Қазір Қазақстан мен ҚХР 40-тан аса университеті арасында тығыз байланыс бар. Оған қоса, көрші мемлекеттердің экономикалық және инвестициялық қарым-қатынасы жыл сайын нығайып келеді. Қазақстан мен Қытайдың «Бір жол, бір белдеу» бағдарламасы тек тараптарға емес, әлем үшін игілікті бастамаға айналды.

       Сапар аясында С.Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ мен Шаньдун провинциясының үкіметінің өкілдері және Циндао ауылшаруашылығы университеті ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Тараптар С.Сейфуллин мен Циндао ауылшаруашылығы университеті арасында тәжірибе мен білім алмасуға уағдаласты.

Опубликовано в Әралуан

Фотографтардың арасында селт еткізер сәттерді түсіріп қана қоймай, оқиға туғызатындар бар. Осындай таланттардың ішінде С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің 21 жастағы студенті Данил Акрамов өзіндік қолтаңбасымен ерекшеленеді. Осы жолы халықаралық байқауда оның жұмысы 35 марапатқа ие болып, «Қала пейзажы және сәулет» аталымы бойынша әлемнің үздік 35 фотосуретінің қатарына енді.

Бұл жас фотографтың бірінші жетістігі емес: өткен жылы Данил «Мобильді фотосурет» номинациясы бойынша қазылар алқасын (әлемдік танымал фотографтарды) таң қалдырып, әлемдегі ең үздік 100 фотографтың қатарына енген. Дегенімен, Данилдің бұл жетістігі - оның таланты мен кәсіби шеберлігінің айғағы.

Жеңіс – жетістікке жетелейді. Бұл жолы жас фотографтың объективінен Нью-Йорктің атақты сәулетшісі Марк Форнстың «Минима Максима» атты керемет инсталляциясы көрініс тапты. Сурет ағымдағы жылдың қаңтар айында Астанадағы «EXPO 2017» көрмесінің аумағында түсірілген. Бұл сәулет нысаны Данилді өзінің ғылыми-фантастикалық сипатымен «селт еткізді». Оның пікірінше, бұл заманауи технология мен жасанды интеллект дамуының символы.

Бір қызығы, бұл фотоның өте жоғары сапалы кәсіби камерамен емес, «Xiaomi 13T» смартфонымен түсірілуі - бұл фотосуреттің «Қала пейзажы және сәулеті» санатындағы ТОП 35 үздік фотосуретке енуіне кедергі болмады. Керісінше, Данил өнер туындыларын жасау қымбат фотоаппаратты қажет етпейтінін, ең бастысы шабыт пен кадрдың сұлулығын жеткізуге ұмтылыс жасаудың маңыздылығын дәлелдеді.

9-шы 35AWARDS фото байқауының нәтижесі бойынша Д.Акрамов «Қала пейзажы және сәулеті» бойынша әлемдегі ТОП 70 фотографтарының және Қазақстандық фотографтар арасында ТОП-10 қатарына енді.

-  «Менің қалыптасуым мен дамуыма әсер еткен, университетіме, өзінің  дана басшылығымен мені сара жолға салған университет Ректоры Қ.М.Тіреуовке ерекше алғысымды білдіргім келеді. Жақын адамдарымның менің табысыма қосқан үлестері шексіз. Осының өзі мен үшін мақтаныш сезімін туғызады», - деп түйіндеді Данил Акрамов.

Данил өзін қоршаған ортадағы адамдардың жүздерін туынды ретінде қабылдай алады. Сөйтіп, ол өз ісінің шынайы шебері ретінде - әрбір сәттің эмоциясын, ішкі иірімін жеткізе алады. Ол біздер, қарапайым адамдар, көзіне де ілмей өтіп кететін фотосуретке лайық әсемдікті көре алады. Данилдің фотосуреті бізді бір сәтке тоқтатып, жан дүниеңді тыныштандырып, айналамызға көз салып, әрқайсымыздың маңымызда қаншалықты сұлулық, қаншалықты мағына бар екенін түсінуге итермелейді.

Статистикаға сәйкес, 2023 жылығы 35awards байқауы бұрынғыдан да үлкен танымалдылыққа ие болып,  оған 174 елден 111,3 мың қатысушы кіріп, олардың жұмыстары шамамен 465,7 мың фотосуретті құрады. Бұл фотосуреттер әлемінің қаншалықты қарқынды дамып келе жатқанын және бұл өнердегі бәсекелестіктің қаншалықты күшейгенін айқын көрсетеді.

Опубликовано в Әралуан

Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (АРТА) жыл сайын өткізетін Қазақстан Республикасы ЖОО-ларының жалпы рейтингінде 2024 жылы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті екінші жыл қатарынан 3-орында келе жатыр.  

«Бакалавриат білімінің ЖОБ (білім беру бағдарламаларының топтары) бағыты бойынша «ҰҒАО» КЕМ өткізген Қазақстан Республикасы ЖОО-на сұраныстың тәуелсіз рейтингінде С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті – 2024 жылы 1,2,3, 4, 5 орындарға ие болса, магистратура бағыты бойынша ЖОБ 1,2,3,4,5; докторантура бағыты бойынша ЖОО рейтингінен ЖОБ 1,2,3 орындарда» деді С.Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ Басқарма Төрағасы-Ректор, ҚР ҰҒА академигі Қанат Тіреуов.

 Осылайша, өткен 2023 жылмен салыстырғанда бакалавриат бағдарламасы бойынша 1-орындар саны 5-ке өсті. Жалпы алғанда, университеттің білім беру бағдарламасындағы топтары (білім беру бағдарламалары топтары) алған 1-3 орындардың көлемі бойынша 2024 жылы 3 орынға (2023 жылы – 56, 2024 жылы – 59) жақсарды.

ҚазАТЗУ оқытушылары А.Д.Мехдиев, С.Ә.Джатаев, Ә.Б.Хабдуллин «Қазақстан Республикасы ЖОО-ның профессорлық-оқытушылық құрамы» бойынша жалпы рейтингінің 50 үздіктері қатарына енді.

Опубликовано в Әралуан

       QS World 2025 әлемдегі ең үздік университеттер рейтингінің нәтижелерімен таныстырды. Жұмыс берушілер арасындағы Quaquarelli Symonds жаһандық рейтингтік агенттігінің мәліметінше С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің беделі арта түскен. 2025 жылы QS рейтингінің іріктеуіне әлемнің түкпір-түкпірінен 5 663 университет іліксе, оған Қазақстанның 21 университеті енген.
       С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің орны биыл біршама жоғарылады. Университеттің жұмыс берушілер арасындағы беделі 130 позицияға көтеріліп, осы көрсеткіш бойынша әлемнің ең үздік 800 университетінің қатарынан көрінді. Бұл бағыттағы жетістіктің көзі – жұмыс берушілер тарапынан университеттің білім беру бағдарламаларының сапасына сай сұранысының артуында. «Атамекен» ҰКП рейтингісінің нәтижесі осыған дәлел. Осылайша, 2023 жылы бұл рейтинг бойынша, университеттің 15 білім беру бағдарламасы қолдауға ие болып, оның ішінде 9 білім беру бағдарламасы ең жоғары орынға шықты. Аккредиттеу және рейтинг жүргізетін тәуелсіз агенттігінің мәліметіне қарағанда, Қазақстандық университеттердің жалпы рейтингісі бойынша Сейфуллин университеті еліміздегі ең мықты үш жоғары оқу орнының бірі. «IAAR Eurasian University Ranking (IAAR-EUR) - 2023» халықаралық рейтингінде Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ сегізінші орында.
       "С.Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ білім беру бағдарламаларының жоғары бәсекеге қабілеттілігі оның оқу процесіндегі міндетті практикалық құрамдас бөлігімен қамтылуында. Бұл бағытта мақсатты жұмыстар жүргізілуде. Жұмыс берушілермен тығыз байланыс, дуальды оқытуды жүзеге асыру, жұмыс берушілермен бірлесіп білім беру бағдарламаларын әзірлеу - университет түлектерінің жұмысқа орналасуының жоғары деңгейін қамтамасыз етуде" деді С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің Басқарма Төрағасы-Ректор, ҚР ҰҒА академигі Қанат Тіреуов.
       Студенттерге арналған тәжірибе базаларына еліміздің 140-тан астам ірі кәсіпорны кіреді. Олар: «Агрофирма Родина» ЖШС, «Атамекен-Агро» АҚ, «Астана-Өнім» АҚ, «Астана-Зеленстрой» ЖШС, «ЖасылАймақ» РМК және т.б.
       Германия үкіметінің және Германияның Ниенбург қаласындағы DEULA-Nienburg ауыл шаруашылығы бойынша тәжірибе-оқыту орталығының қолдауымен университететте LOGO e.V коммерциялық емес бірлестігі аясында шетелдік тәжірибе базалары құрылған. Осылайша, 2022-2023 оқу жылында студенттердің теориялық және практикалық оқыту бағдарламасы бойынша 2022-2023 оқу жылында ҚазАТЗУ 28 студенті Германияның жетекші шаруашылықтары мен кәсіпорындарында тәжірибеден өтуге шақырту қабылдаса, биылғы 2024 жылы олардың саны екі есе өсті.
       Әлемдегі ең беделді QS рейтингінің нәтижелері, осылайша, ел экономикасының серпінді дамуын қамтамасыз ететін бәсекеге қабілетті кадрлармен қамтамасыз етуге бағытталған университет дамуының дұрыс бағытта екендігін айқындайды.

Опубликовано в Әралуан

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер