Показать содержимое по тегу: Тарих
Бәріміз жақсы білетін қолғаптың да өзіндік тарихы бар. Мысалы, ең көне қолғаптар Египет елінен, Тутанхамон патшаның мазарынан табылды. Олар осыдан 4000 жыл бұрын тігілсе керек.
Бәйтерек – әлемдік ағаш. Әлемдік нұсқалардың бірі, әлем үлгісі. Барлық аңыздық дәстүрлерде, соның ішінде қазақы мифологияда кездеседі. Бәйтерек (нақты түпкі терек, Ана-терек) әлемдік ағаш ретінде барлық үш деңгейін – аспанның тоғыз немесе жеті қабаты болып есептелетін жоғарғыны, ортаны, әлемнің тоғыз немесе жеті қабаты болып есептелетін төменді байланыстырады. Оның жекелеген бөліктері өзімен дербес әлемдердің бөліктерін танытады: тамыры – жерасты әлемі, ұшар басы – орталық әлем, бұтақтары мен жапырақтары – жоғарғы әлем. Ал терек сөзінің этимологиясы (нұсқалары: дарақ, дарау, дара, тарақ), шамасы, *Tir түбірінен – өмір дегенді білдірсе керек.
Грек тілінде динамит сөзі «күш» дегенді білдіреді. Бұл нитроглицерин, калий немесе натрий нитратының және ағаш ұнтағынан тұратын жарылғыш заттар, көлеміне байланысты көлікті, үйді бұзып, тасты жарып жібере алады. Динамитті швед инженер-химигі Альфред Нобель ойлап тапқан, 1867 жылы патенттеп, туннелдерді тесу үшін пайдалануды ұсынған. Бұл өнертабыс Нобельдің атын бүкіл әлемге мәшһүр етіп, оған аса ірі табыс алып келді. 1895 жылы өсиетхат жазып, онда капиталының басым бөлігін химия, физика, медицина, әдебиет және бейбітшілікті нығайтудағы ауыз толтырып айтарлықтай жетістікке жеткендерді марапаттайтын сыйлыққа аударды.
Бағалы металдың тарихы тым тереңде жатыр. Адамзат алтын өндіруді біздің дәуірімізге дейінгі V ғасырда, яғни неолит дәуірінде бастаған.
Адамзат жаралған кезден бастап күнпарақ («календарь») қажеттігі туа бастаған. Алайда жазу-сызуы жоқ, жартылай тағы күйде өмір сүрген адамдар күнпарақ жасай алмағаны белгілі.