Адамның алтынмен таныстығына кем дегенде 6500 жылдай болды. Қазіргі Болгарияның Варна қаласының маңында қазба жұмыстарын жүргізген мамандар біздің дәуірімізге дейінгі 4600 жылдары әзірленген алтын бұйымдарды кездестірген.
Б.д.д. ІV ғасырда Мысыр жерінен сары алтыннан жасалған тас пышақ, алтын алқа табылған. Сонымен қатар Месопатамияның ежелгі қаласы Урдағы қазба жұмыстары кезінде б.д.д. 3500 жылға жататын қол-аяғында алтын білезігі бар адам қаңқасы табылған.
Ежелгі римдіктер Испания жеріндегі алтын қазу барысында 1500 тонна алтын алған. Қазір сол алтын қалдықтар Еуропаның өзендеріне толығымен жайылған. XVIII-XIX ғасырларда АҚШ, Бразилия, Австралия және тағы басқа елдерде өте бағалы саналатын алтын қалдықтары табылды.
Дерек көзі: "Ана тілі "газеті