Қолғапты қай ел ойлап тапқан?
24.12.2017, 10:55

Қолғапты қай ел ойлап тапқан?

Бәріміз жақсы білетін қол­ғап­тың да өзіндік тарихы бар. Мысалы, ең көне қолғаптар Египет елінен, Тутанхамон пат­ша­ның мазарынан табылды. Олар осыдан 4000 жыл бұрын тігілсе керек.

Ежелгі гректер қолғап ки­генді аса ұнатпапты. Бұл елде қолғапты тек қара жұмысқа пайдаланған. Ал римдіктер болса, тамақ ішкенде арнайы қолғап киіпті. Бұл қолды былғамаудың әрі ыстық тамаққа күйіп қалудан сақтайтын әдіс екен.
Ортағасырлық Еуропада мынадай дәстүр болыпты. Егер қолғабыңды біреудің аяғының астына тастасаң, ол – жекпе-жекке шақырудың белгісі саналған.
Ал бокс қолғабы, әрине, бокстың отаны Англия­да сонау ХV ғасырда пайда болған. Бастапқыда ағылшындар бокс қолғабын жаттығу кезінде ғана пайдаланыпты. Тек 1867 жылдан бастап жарыстарда қолғапты пайдалана бастаған. Ал 1892 жылы АҚШ-тың Жаңа Орлеан қаласында қолғапты бокстан ең алғашқы әлем чемпионаты өтеді. Бұл бәсекеде Джеймс Корбетт есімді америкалық боксшы жеңімпаз атанған екен.

Дереккөз: kazgazeta.kz

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер