Показать содержимое по тегу: Тарих
Қаңлылардың әлемдік өркениетке қосқан өзіндік үлесі бар. Ертедегі шумерлерді кенгірлер-қаңлылар деп атаған. Қаңлылар Африкада, Индонезияда, Солтүстік-Шығыс Вьетнамда, Суматра және Ява аралдарын мекендеген. Әлемде өркениет тіпті қаңлылардан бастау алады деуге болады. Қаңлылар металл балқытуды меңгерген әлемдегі үш халықтың бірі болып саналады. Олардың шығу тегі туралы Ресей зерттеуші-ғалымы Б.Грозный «Шумер (кенгірлер-қаңлылар) халқы қазіргі Киргиз (қазақ) даласынан, ұзын басты үнді-европалық пен қысқа басты турандықтардың шекарасынан шыққан» деп түсіндіреді. Еуропаның белгілі ғалымдары Ф.Хоммел және А.Фалькенштейн өткен ғасырдың өзінде шумерлердің арғы аталары қаңлы болды деген пікір айтқан еді. Шумерлердің ежелгі тарихын зерттеген қазақтың талантты ақыны Олжас Сүлейменов пен белгілі ғалым Сәрсен Аманжоловтың бұл туралы пікірлері ашық айтылмаса да, жоғарыда аталып өткен шетелдік ғалымдардың тұжырымдарымен тұспа-тұс келіп жатады.
Ұлы Жібек жолы бойындағы ірі орталықтардың бірі, ғұлама ғалым әбу-Насыр әл-Фарабидің отаны Отырар – Қазақстанның оңтүстігінде орналасқан ортағасырлық қалалардың ең беделдісі де, белгілісі. Отырар ежелгі заманнан-ақ қаласында ғылым, мәдениет, сауда, даласында егін, мал шаруашылығы қарқынды дамыған әлемдік ірі мәдени орталықтардың бірі болды. VІ-ХVІ ғасырларда Фараб (Отырар) аймақтың бас қаласы, Қазақ хандығының әлеуметтік-экономикалық орталығына айналды.
Деректерге сүйенсек, Отырардың соңғы тұрғындары қаланы ХVІІІ ғасырдың орта шенінде тастап Түркістан, Шымкент, Шілік жағына қоныс аударған. Содан бергі дәуірлерде ол қаңырап бос қалды. Жергілікті тұрғындар Отырартөбе деп атап кеткен, үйіндіге айналды. Отырарды зерттеу 1904 жылдары А.Кларенің басшылығымен жүргізілген алғашқы ғылыми негіздегі қазба жұмыстарынан басталады. Кең ауқымды зерттеу 1969 жылы Кемал Ақышев басшылық еткен кешенді экспедицияның жүргізген қазба жұмыстарымен жалғасады. Нәтижесінде Отырар Қазақстан мен Орта Азия аумағындағы ең көп зерттелген ортағасырлық қала болып табылады.
Осы зерттеулер нәтижесінде көп жылдардан бері Отырар мен оның төңірегіндегі қала-қалашықтардан кездейсоқ және археологиялық қазба жұмыстары барысында көптеген жәдігерлер табылды. Этнографиялық тарихи мұраның дені Шәуілдір ауылындағы Отырар мемлекеттік археологиялық музей қорында сақтаулы.
Монша. XIII-XV ғғ.
ХІІІ ғасырдың екінші жартысында рабад (қала сыртында шаруалар, малшы, қолөнерші, ұсталар тұратын аудан) аумағында, шахристанның (билеушілер, ақсүйектер, дін қызметкерлері мен қаланың бай халқы тұрған бөлік) оңтүстік қақпасының батысында қыштан монша салынды. Ол жуынатын, буланатын және дене үзетін жайлардан, барлығы 10 бөлмеден тұрды. Монша еден астында орналасқан мұржалар арқылы жылытылып, оның үстінде шыңылтырланған қыш тақталар төселген. Ал су жерасты қыш құбырлары арқылы Отырар су қоймасынан тартылған.
Мешіт. XVI ғ.
XVI ғ. шахристанның бұрын бос қалған аумақтарында қайта құрылыс жүргізіле бастады. Орталық төбенің оңтүстігіне таман орналасқан мешіт құрылысы да осы кезге тура келеді. Мешіттің жалпы ұзындығы белгісіз күйінде қалуда, ал ені 15,5 м. Ғимарат орталық зал мен оған екі жағынан жапсарласқан қанаттардан тұрады. Үлкен залдың есігі порталмен айқындалып, оның көлемі 7х7 метрді құрайды. Михраб пен оның айналасындағы қабырғалар ғанышпен сыланған.
Шахристан қорғаны. VIII-XV ғғ.
Ортағасырлық Отырар бірнеше қатар бекіністерден тұрған. Әдетте қаланы сыртқы жаулардан қорғаған қамалдардың биіктігі 6, ені 4 метрге жеткен. Олардың аз ғана бөлігі осы күнге дейін сақталған. Бұл бекіністердің көбісі пахса мен кесектен соғылған. Уақыт өте келе олар жөндеуден өтіп, күшейтіліп тұрды.
Шахристанның оңтүстік-батыс қақпасы
Кіреберісі қарауылханалардан, қақпа және қырлы мұналардан тұрады. Шығаберісінің екі жағында кесектен тұрғызылған үлкен қарауылхана болған. Бұлар күшті өрттің әсерінен жойылды.
Мұнара мен бағанаға қазба жұмыстарын жүргізу барысында күйген кірпіш сынықтары табылды. Өрт салдарынан қақпаның жоғарғы жағындағы кесектері ордың төменгі бөлігіне түскен. Шабуыл кезінде май пайдаланылған деген аңыз-әңгіме шындыққа жанасатындай.
Кіреберіс бөлігі жойылғаннан кейін мұнара орнында тұрғын жайлар мен ұстаханалар пайда болған екен.
Қуаныш Шохаев,
«Отырар мемлекеттік археологиялық
қорық-мұражайы»
археология бөлімінің ғылыми қызметкері
Фото – Ерболат Шадрахов
Дерек көзі: nationalgeographic.kz
Сақ дәуіріндегі жауынгер әйелдер туралы деректі фильм америкалық және неміс телеарналарының, британдық «Urban canyons» кинокомпаниясының тапсырысымен түсіріліп жатыр, деп хабарлайды el.kz.
Үш патшалықпен бір мезгілде қатар соғысқан, үшеуімен де жаралы көкжалдай арпалысқан ұлттық күрестің нағыз халықтық майданы – Жанқожа батыр Нұрмұхамедұлы ұйымдастырған соғыстар Ресей империясы Қазақиядағы хандық басқаруды жойып, өздерінің әкімшілік билігін орнатқан тұста, осы іске қарсылық көрсетушілер болды.
Бүгін қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткері, ҚҒА академигі, халқына «Абай жолы» секілді теңдессіз роман сыйлап, ұлтын әлемге танытқан Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің туған күні. Ол 1897 жылы Семей өңірінде, қазіргі Абай ауданында 28 қыркүйек күні дүние есігін ашқан.