Показать содержимое по тегу: ОҚО әкімі
Биыл Оңтүстік Қазақстан облысында 50 білім ұясы ел игілігіне беріледі деп күтілуде. Оның 15-і «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынып жатса, 5-і республикалық бюджет есебінен бой көтеруде. Ал облыстық бджеттен қаралған 9,5 млрд теңгеге салынып жатқан 30 мектептің құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін аяқталатын болады. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облыс әкімі Ж. Түймебаевтың халық алдында берген есебінде айтылған болатын. Бұл туралы silteme.kz AA хабарлайды.
Қыс айларында азық-түлік бағаларының қымбаттауына жол бермеу керек. Бұл үшін тұрақтандыру қоры тиісті шараларды атқарып, халық көп тұтынатын өнімдердің қорын жеткілікті көлемде дайындап, бағаның өзгермеуіне ықпал етуі тиіс. Бұл туралы Шымкент қаласындағы көлік-логистикалық орталығында орналасқан өңіріміздегі тұрақтандыру қорының қоймасын аралап көрген Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев мәлім етті, деп хабарлайды silteme.kz.