ОҚО-да биыл 50 білім ұясы пайдалануға беріледі
02.03.2018, 10:05

ОҚО-да биыл 50 білім ұясы пайдалануға беріледі

Биыл  Оңтүстік Қазақстан облысында 50 білім ұясы ел игілігіне беріледі деп күтілуде. Оның 15-і «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынып жатса, 5-і республикалық бюджет есебінен бой көтеруде. Ал облыстық бджеттен қаралған 9,5 млрд теңгеге салынып жатқан 30 мектептің құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін аяқталатын болады. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облыс әкімі Ж. Түймебаевтың халық алдында берген есебінде айтылған болатын. Бұл туралы silteme.kz AA хабарлайды.

Жалпы 2017 жылы барлық бюджеттерден бөлінген қаржы есебінен 32 мектеп ел игілігіне тапсырылды. Тарқатып айтсақ, 2017 жылы облысымыздағы білім беру саласына Ұлттық қордан 29,8 млрд теңге бөлініп, «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 35 білім беру нысындарының құрылысы жүргізілген еді.

Бұдан бөлек, бүгінде республикалық бюджеттен қаралған 4,2 млрд теңгеге 4 мектеп пен 1 мектеп-интернаттың құрылысы жүргізіліуде. Аталған нысандар жыл соңына дейін пайдалануға тапсырылатын болады.

Сондай-ақ,  2017 жылы облыстық бюджеттен қаралған 9,5 млрд. теңгеге 39 мектеп пен 3 колледждің құрылысы жүргізіліп, жыл қорытындысымен 12 мектеп пайдалануға берілсе, қалған 30 нысанның құрылысы 2018 жылы аяқталады деп күтілуде.

Қорыта айтқанда бүгінде облысымызда 50 білім нысанының құрылысы қарқын алған. Егер құрылыс жұмыстары жоспарға сай жүргізілсе, барлық нысандар жыл соңына дейін тапсырылады.

Бұдан бөлек, облыстық құрылыс басқармасы 2018 жылы білім ұяларының құрылысын салуға республикалық бюджеттен қосымша қаржы қарастыруға ұсыныс жолдаған. Егер ұсыныс қабылданып жатса, тұрғызатын  білім ұяларының қатары артады деп күтілуде.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер