Показать содержимое по тегу: Ащысай
Оңтүстік Қазақстан облысындағы Кентау қаласына қарасты Ащысай ауылында жыл соңында кен өндіру кәсіпорны іске қосылады. Бұл бағыттағы жұмыстарға бүгінгі күнге инвесторлар 120 млн теңгенің қаржысын жұмсаған. Ол қаржы кепілде тұрған ғимаратты сатып алуға, құжаттамаларды реттеуге жұмсалған. Ендігі кезекте құны 3 млн АҚШ доллары болатын құрал-жабдықтар сатып алынып, кен өндіру кәсіпорны өз жұмысын бастамақ. Аталған кәсіпорын іске қосылған уақытта 200-ге жуық адам жұмыспен қамтылады деп жоспарлануда. Бұл туралы Кентау қаласының әкімі Әбдібақыт Мақұлбаев ауыл тұрғындары алдындағы есептік кездесуінде айтты, - деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып silteme.kz АА.