тәсіл

Показать содержимое по тегу: тәсіл

Сен кейбір жігіттердің соңынан қыздардың топ-топ болып жүретінін байқаған шығарсың...

Опубликовано в Ұсыныс

Қазба жұмыстары кезінде табылған тұтастай сом алтындар, саф алтыннан жасалған бұйымдар, Алтын Адам бұл әдемі металлдың  ежелден бағалы зат болғанына дәлел және күні бүгінге дейін сол құнын жоғалтпаған. Дегенмен, қазір ат басындай алтынның қолға түсуі қиын, себебі бұл бағалы металлды табудың да, өндірудің де қарқыны бәсеңдеді. Дегенмен, зергерлік дүкендер мен салондардың саны көбеюде, бұны қалай түсіндіреміз?

 Әлемнің хас шеберлері - таза алтынның бағасын білетін зергерлердің дабыл қаққанына біраз болды: зергерлік сауда дүкендерінің 40%-ға жуығын жасанды алтындар жаулап алған. Тіпті, жасанды күміс пен бриллианттарды да кездестіруге болады. Сондықтан, алған бағасына арзуы үшін, алтынды сатып аларда, аз да болса шын алтынды «бақырдан» қалай ажыратуға болатынын білген дұрыс.

Ең бірінші тәсіл ол, әрине, өз атына кір келтіргісі келмейтін, сапалы зат сататын дүкен іздеу керек. Мұндағы баға базардағы, дүңгіршектегі, көшедегі дүкендермен салыстырғанда қымбат болуы мүмкін, алайда, сапасы бағасына лайық.

Жасанды алтын заттың екі түрі болады: біріншісі – бижутериялық металлға жұқа етіп алтын жалатады, екіншісі – құрамында алтын бар, бірақ өте аз мөлшерде (әсіресе, осы түрін ажырату қиын).

Екінші тәсіл, әшекей бұйымдарын сатып аларда оның жоғары сынамалы металл екенін көрсететін сан мен қымбат металлдың сафтығын көрсететін таңбаға назар аудару керек. Дегенмен, бұл белгілер де заттың қоспасыздығына кепілдік бермейді.

Сынамалар стандартын мемлекет белгілейді, сондықтан Түркия немесе украин немесе т.б. елдерінің әшекейлеріндегі таңбалар әр түрлі, мысалы, алтындағы таңба күрек пішінді келсе, күмісте – бөшке пішіндес, ал платинада сегіз қырлы пішін. Бұлардың бәрі мемлекеттің қойған талабына сәйкес бақыланады, жүзеге асады. Дегенмен, адамнан қулық артылған ба!? Қоспасы бар заттың тексеруге бір бөлшегін жібереді, мысалы замогын ғана. Таңба сол бөлікке басылады да, қоспасы бар бөлігін кейіннен жалғай салады, нәтижесінде бәрінде бірдей белгі пайда болады. Бұндай затты ажырату өте қиын. Сол үшін таңбаға мұқият қараймыз, таңба анық болуы керек, затты жасап шығарған зауыттың белгісі тұрса тіпті жақсы.

 Ресей әшекейлеріне  қарағанда украин әшекейлерінде жасандылары азырақ кездеседі. Украин әшекейінде таңбаның ортасында үш аша немесе талшын(каштан) ағашының жапырағы, ал оң жағында сынама нөмірі тұру керек. Ал егер «KGP» деген қысқарған сөз тұрса, онда зат тек алтынмен жалатылған, тұтастай алтын емес деген сөз. Мысалы, Түркиядан сынама белгісі жоқ әшекей бұйымдарын кездестіруге болады, затты сатып аларда сынаманың қай түрін қаласаңыз, соны қойып береді.

Затты аларда оны мұқият қараңыз, ішкі жағының жылтыр, тегіс болуына мән беріңіз.  Затты сатып алдыңыз, үйге келдіңіз, алайда күмәніңіз болса мынадай жолдармен тексеруіңізге болады:

Алтынның бір қасиеті ол – магнитке жабыспайды, дегенмен, бұл да оның қоспасыздығына 100 пайыз кепілдік емес, бұйымды алтыннан құйған кезде магнитке жабыспайтын алюминий, қола, мыс секілді өзге де металдарды араластыруы мүмкін.

Алтынның сапасын анықтаудың тағы бір тәсілі: йодты бұйымға бір-екі тамшысын тамызып, бірер минут күтіңіз: егер алтын түсін өзгертсе, онда сіз алдандыңыз, өзгертпесе қолыңыздағы нағыз алтын болғаны.

Алтынды уксусқа батырғанда қарайса, онда бұл таза алтын емес.

К.Жақсылыққызы

Опубликовано в Нетократия

Бақуаттылар жиі барып, қыдырып қайтатын Дубайда шаш өсірудің жаңа тәсілі пайда болды. Дұрысы, араб халқының көне әдісі бұл. Сонымен, тоқетеріне көшсек, Дубайдағы сән салондары шаш өсіру үшін биттерді пайдалана бастапты, деп хабарлайды aikyn.kz.

Біріккен Араб Әмірліктерінің бірқатар ақпарат құралдары Дубайда сән салондарының биттерді шаш өсіруге қолданып жүргенін жазған. Арабтар бұрын шаштағы битті алмаған көрінеді. Бит адамның бас терісін шағып, қан айналымын жақсартады-мыс. Сөйтіп, шаш өспек екен. Сол ұғымға Дубайдың қазіргі байшыкештері қайта оралыпты. Тіпті, бит сатып жатқан көрінеді. Әр биттің құны 14 дирхем немесе 4 АҚШ долларына жетіпті. Сән салондарында әр адамға 10-15 бит қолданылады екен. Дегенмен, Дубай билігі мұндай әдісті пайдалан­ғандарға айып салып, жазалауды да бастап кетіпті. Айып мөлшері 550 доллар деп белгіленсе керек. Қысқасы, бит те саудаға шыққан заман болды. 

Опубликовано в Шешімгер

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер