Показать содержимое по тегу: Шаш
Бауырдың қабынуына алкогольді ішімдіктер ғана зияндық етпейді. Шашқа арналған бояулар да бауырдың зақымдануына себепкер болады екен. Бұл туралы Лондон университетінің зерттеушілері хабарлап отыр.
Ежелден адамдар әйелдің қаруы шаш екенін жақсы білген. Ертедегі Славяндар шаш арқылы Жер-ана мен Күн-әке әсер ететінін дәріптеген. Шаш арқылы даналық пен Тәңірдің қалауын сезінуге болатынын есте сақтаған. Шаш тәндегі күш-қуатты сақтаушы құрал болған.
Бақуаттылар жиі барып, қыдырып қайтатын Дубайда шаш өсірудің жаңа тәсілі пайда болды. Дұрысы, араб халқының көне әдісі бұл. Сонымен, тоқетеріне көшсек, Дубайдағы сән салондары шаш өсіру үшін биттерді пайдалана бастапты, деп хабарлайды aikyn.kz.
Біріккен Араб Әмірліктерінің бірқатар ақпарат құралдары Дубайда сән салондарының биттерді шаш өсіруге қолданып жүргенін жазған. Арабтар бұрын шаштағы битті алмаған көрінеді. Бит адамның бас терісін шағып, қан айналымын жақсартады-мыс. Сөйтіп, шаш өспек екен. Сол ұғымға Дубайдың қазіргі байшыкештері қайта оралыпты. Тіпті, бит сатып жатқан көрінеді. Әр биттің құны 14 дирхем немесе 4 АҚШ долларына жетіпті. Сән салондарында әр адамға 10-15 бит қолданылады екен. Дегенмен, Дубай билігі мұндай әдісті пайдаланғандарға айып салып, жазалауды да бастап кетіпті. Айып мөлшері 550 доллар деп белгіленсе керек. Қысқасы, бит те саудаға шыққан заман болды.