Қыркүйектік қорытындысы бойынша, жеке кәсіпкерлер көлемі 10,8%-ға қысқарған.
Әсіресе белсенділік ауыл шаруашылық секторында құлдырады, жеке кәсіпкерлер саны бірден 41,4%-ға немесе 59,1 мыңға дейін азайды. Ал білім беру саласында (+13,7% немесе 6,4 мың ЖК), құрылыс (+3,7% немесе 19,2 мың ЖК) және ойын-сауық (+1,5% немесе 6,8 мың) сферасында өсім байқалды.
Шағын компаниялардың белсенділігі артып жатыр, қыркүйек қорытындысы бойынша, заңды тұлғалар саны бір жыл ішінде 11% немесе 190,6 мыңға дейін өскен.
Ең жоғары өсім білім беру (+28,9%, 4,6 мың шағын заңды тұлға), ауыл шаруашылық, орман және балық шаруашылығы (+26,8%, 7,7 мың), өнер, ойын-сауық, демалыс (+26,3%, 1,6 мың) сферасында тіркелген.
Негізгі себеп — ірі және орта бизнес, банктер, мемлекеттік компаниялар жеке кәсіпкерлерге қарағанда заңды тұлғалармен жұмыс істеуді тиімді деп есептейді.