Осындай өзді-өзіңізді тексеруден кейін өзіңізге лайықты бизнес идеяны таңдауға кірісіңіз.
Идеяларды кез-келген ақпарат көзінен алуға болады (БАҚ, сайттар, мысалы,1000ideas.ru, журналдар және басқалар). Сонымен қатар, мына тәсілдерді қолдануға болады:
№1 тәсіл.
Ой-талқы. Ақыл-ойыңызды ширатыңыз!
Ой-талқы тәсілі сіздің ойлау қабілетіңізді жандандырудың/ынталандырудың ең тиімді тәсілдерінің бірі болып табылады. Жалқаулығыңызға күрес жариялаңыз!
Бұл тиімді жұмысқа бет алу. Бұл тәсіл едәуір танымал. Бастысы, қандай да бір қажеттілікті немесе осы қажеттілікті қанағаттандыратын өнім нұсқасын қарастыру барысында Сіздің бар идеяларды, тіпті қияли ойларды да есепке алуыңыз. Идеяларды сынау орынсыз. Ой-талқыны топпен немесе жеке өткізуге болады. Жеке жұмыс істесеңіз, дайын сұрақтарға жауап беру арқылы, бір мақсатты қудалау. Мұндай сұрақтар дайын өнім бойынша да, әлі жоқ өнім бойынша да қойыладаы:
- Өнімнің түрі қандай болады және/немесе оны қалай өзгертуге болады – жай, модификацияланған, домалақ, төртбұрышты, түзу және т.б. Көлемді қалай анықтауға және/немесе өзгертуге, аударуға болады – үлкенірек, кішірек, қысқарақ, жіңішкерек?
- Уақытпен жұмыс. Өнім тәуліктің қай уақытында пайдаланылады және ол неше уақытты алады? Жасалып жатқан өнім үшін оның уақытша сипаттамалары (ол – ақырын, тез, ұзақ, мәңгілік...)?
- Сатып алушылар үшін өнімді немесе қызметті қалай пайдалырақ, сенімді, қолайлы етуге болады? Қай жолмен және дәл қай тауар анықталған қажетілікті қанағаттандыра алады?
- Түс. Жаңадан жасалып жатқан марканы визуализациялауға қандай түстерді пайдалану керек немесе бар марканының (брендтің) түс түрлерін қалай өзгерту керек?
- Қозғалыс. Өнім қалай қозғалады ( тездетеді, ақырындайды, бағытын өзгертеді, көтеріледі және т.б. ) және жалпы қозғала ма?
- Күй. Өнім қандай күйде болады – ыстық, суық, сұйық, қатты және т.б. ?
- Өнімге қандай өзіндік белгілер тән болады – күшті, әлсіз, өзгертілген, серпінді, жұмсақ және т.б.?
№2 тәсіл.
Бизнес үшін әлеуетті нарықтық мүмкіндіктерді анықтаңыз..
Жаңа нарықтық мүмкіндіктерді табу өте қиын немесе тіпті мүмкін емес дегенді жиі естиміз. Ойдың бұл түрі адамдардың көбіне тән. Бірақ тек кәсіпкерлерге емес. Мүмкіндік әрқашан жеткілікті. Оны табу үшін тек аздаған уақыт пен күш жұмсау керек.
Ғаламтормен жұмыс істеу.
Пайдалы мүмкіндіктерді анықтаудың ең қолжетімді тәсілі «сіздің компьютеріңізде». Бұл ғаламтордың мүмкіндіктерінің көмегімен «идеялар табу тәсілі».
Идея іздеу алгоритмі мынадай – сіз тиімді идеяны таңдап алдыңыз (кез келген, кез келген ақпарат көзінен, таныстардан, достарығыздан), мысалы, «мобильдік контент». Ол туралы көп жазылып, айтылады. Көптеген бизнес басылымдарда осы тақырып талқыланады. Ғаламторда, әр түрлі ақпараттық материалдарда (мақалалар, сұхбаттар, зерттеулік есептер және т.б.) мобильдік контент және оның түрлері туралы, қазіргі дамуы туралы, қолданылуы, келешекте даму перспективалары туралы іздеу жасап көріңіз. Іздеудің және іріктеменің нәтижесі сізді таң қалдырады. Мобильдік контентті қолданудың ең қызықты идеяларын ойлап, шолып шығу сізге өз бизнесіңізді дамытуға болатын тауашаны табуға көмектеседі.
Іздеудің және іріктеменің нәтижесінде Сіз өз бизнесіңізді дамыту тауашасын таба аласыз:
Бизнес моделі : контент- провайдер.
Қолдану аясы : мобиль дік маркетинг, мобиль дік БАҚ-тар, мобиль дік казино, мобиль дік кітапханалар және т.б.
М-медиа.Мобильдік контент нарығы табысының 6-20% медиажобаларға келеді. Бұл SMS- дауыс беру және SMS- викторин алар. М -қаржы. Біздің нарықтағы перспективалы бағыт. М - маркетинг.
S M S -жарнама және промоушн. SMS акци ялар – тауарларды жылжытудың нақ сараланған тұтынушылар тобына арналған тамаша құралы болып табылады. Адамдар қуана-қуана бірлестіктер құрып, жарыстарға қатысып, нәтижесінде осы өнімнің немесе қызметтің адал қолданушылары болады. М- қызмет.
Ауа райы болжамынан бастап жүктілікті жоспарлауға дейін. Мобиль дік доктор – дәрігер кеңесін алуға арналған қызмет. М- бос уақыт.
Мобильдік контентті қолдана отырып тарайтын ақпарат пен ойын-сауықтар мобильдік контент нарығының __% табысын әкеледі. Әйгілі әдеби шығармаларды SMS -мазмұндаудың келешегі зор. Мобильдік казино, мобиль дік теле дидар, немесе сұраумен берілетін теле дидар сияқты.
Бұл ғаламторды сүзбелеп отыру тәсілімен табуға болатын ақпараттың бір бөлігі ғана.Іс жүзінде мүмкіндіктер шектеусіз деп айтсақ та болады. Возможности
Бизнеске ену.
Идеяңызды ғаламтордан електеп жатқан кезде, мобильдік контент туралы неғұрлым көп мақалалар оқып шығыңыз. Ақпаратты сіңдіріп алуыңыз керек. Содан кейні, осы бизнеске (табылған тауашаға) ену тәсілін қолддану керек. Сіз көз алдыңызға мобильдік контент жасайтын компанияны аштым деп ойлап көріңіз. Оыс бизнес жайындағы мақалаларды оқығаннан кейін қалған барлық білімді пайдалана отырып, компанияңыздың әр бөлігін егжей-тегжейлі елестету керек – кеңсе, техника, қызметкерлер, тұтынушылар және т.б. Сенімді және нақты елестету (үстел үстінде қандай қарындаш жатыр, кеңседе қандай жарық. Мұның бәрін осы бағытта жұмыс істеу барысында әрқашан елестету керек.
Осы тәсіл кез келген бизнес идеяны анықтап, дамытуға жарамды.
№3 тәсіл. Франчайзинг.
Өзіңізге лайықты идеяны таңдап, өз бизнесіңізді тез және ауырпалықсыз ашудың тағы бір тәсілі франчайзинг болып табылады.
Батыстың бизнесте баяғыда істеген нәрселерін біз қазіргі уақытта ғана істеп жатырмыз. Бұл классикалық модель, бірақ біз Батыста бар пішінді өз мазмұнымызбен толтырамыз. Еш нәрсе ойлап табудың қажеты жоқ, тек сәтті өңделген технологияларды алып, қазақстандық негізге көшіру қажет. Жаңа технологияларды игерудің бір түрі – франчайзинг.
Біздің экономика үшін франчайзинг салыстырмалы түрде жаңа құбылыс болғанымен, шет елдерде франчайзинг қоғамның әр түрлі тауарлар мен қызметтерге сұранысын қанағаттандыратын құрал ретінде пайдаланылуда. Дегенмен, қазірдің өзінде Қазақстанда экономиканың әр түрлі саласында қызмет ететін 300-ге жуық франчайзингтік компаниялар тіркелген, олардың ішіндегі танымалдары: «Баскин 31 Роббинс», «WorldClass», «Hayatt Regency», «KFC» және т.б. Осындай бизнесті көшіруге қызығушылық артуда. Оның басты себептерінің бірі, осы бизнесті дамытудың кемшіліктері басқа бизнес түрлерімен салыстырғанда азырақ.
№4 тәсіл. Қажеттілікті өзгертудегі.
Белгілі адамдар тобының қажеттіліктерін өзгертудегі үрдістерді пайдалану.
Егер қажеттіліктер туралы айтатын болсақ, ең бірінші, адамдардың үлкен тобына тән қажеттілікті іздеуіміз керек. Шағын қажеттіліктерге күш жұмсау тиімді емес және қаржылық қайтарымы болмайды.
Мысалы, Қазақстандағы орта таптың қажеттіліктерін анықтау үшін, осы адамдар үшін маңызды сұрақтар тобы айқындалады::
· Нарықтың әр түрлі сараланымдарында орта таптың тұтынушылық көлемі қандай?
· Қай сараланымдар тез өсуі мүмкін?
· Ішкі тұтынушылықтың өсу әлеуеті қаншалықты үлкен?
Осы сұрақтарға берілген жауаптардың бір бөлігі орта таптың тұтынушылық серпінінің табылған заңдылықтарына талдау жасауға көмектеседі.
№ 5 тәсіл. Қоздырғыштар жалықтырды ма?
Егер бизнес-идеяны табу қиынға түссе, Сіз оңай қадам жасай аласыз, адамадардың өз мәселелері жайлы әңгімелерін (таныстармен, достармен араласу, БАҚ-дағы басылымдар және басқалар) тыңдап, пайдаланыңыз. Мәселені анықтағаннан кейін, оны шеші үшін қандай өнім керек екенін білуге болады.
Адамдарды толқытатын сұрақтар тізімі:
Әркім өзінің, жақындарының денсаулығына қамқорлық жасайды, өз мүдделерін, мүлігін, отбасын, айналасын қорғайды, жайлылыған сақтайды;
Көптеген адамдарды сүйіспеншілік қарым-қатынастар толғандырады;
Бәрі қадірі артқанды қалайды;
Бәріне ақша қажет: қалай миллионер болуға болады? Қалай ақша табуға болады?
Осы ақпаратты бизнес идея іздегенде пайдаланыңыз.
Мәселелер даналық шешім тапқан классикалық мысалдар:
Эдвин Лэнд өзінің үш жасар қызымен серуендеп жүрген еді. Олар суретке түсті. Кенеттен қызы одан неге қазір ғана түсірген суретті дереу көруге болмайды деп сұрады. Керемет ! Лэнд тің басына лезде суретке түсіретін фотокамера мен таспаны жасап шығару туралы ой келді. Ол «Polaroid» компаниясының патенттер жөніндегі заңгерімен кездесіп, бес жылдан кейін 60 секунд ішінде дайын суретті шығарып беретін «Land» фотоаппаратын таныстырды.
Немесе, Джозефин Кочрейн беделді мейрамхананың бастығы еді. Ол өз қызметкерлерінің қымбат ыдыстарды жуу кезінде сындырғанына көне алмай, ыдыс жуатын машинаны ойлап шығарды.
№ 6 тәсіл. Футуролог тар.
Жаңа идеялар іздеудің тағы бір көзі болып футурологтар еңбегі табылады. Бұл адамдар болашақтың мәселеллерімен айналысады. Жай сөзбен айтқанда, экономикалық көріпкелдер. Ең қызығы, олардың келешек (жақын, алыс) туралы айтқандары дәл келеді. Олардың бес-отыз жыл бұрын айтқандырмен қазіргі жағдайдың үйлесуі 40 – 80%. Тоффлерлер әулетіне (Элвин мен Хейди) назар аударғанымыз жөн. В 1970 жылы Элвин «Болашақтың есеңгіреуі» атты кітапты жариялады. Ол кітап адамдарды бар салаларда не күтіп тұрғаны жайлы. Әр салаланың қалай дамитынын, нарықтарға не болатынын болжады. Элвиннің айтқаны рас екенін тексеріп көргіңіз келе ме? Бұл өте оңай.
«Болашақтың есеңгіреуі» (АСТ баспасы ) кітабын алып, оқыңыз. Тоффлердің болжамдарының көбі дұрыс болып шықты. Осы шеберге сенуге болады. Ол соңғы «Революциялық байлық» кітабын әйелі Хейдимен бірге 2006 жылы жазды. Осы авторлардың көптеген түйіндері таң қалдырады. Оқысаңыз – бизнеске арналған көптеген жақсы идеяларды табасыз. Бір жағынан қазіргі экономика мен экономикалық трендтер туралы көп нәрсе түсінесіз. Көріністі толық көру үшін мына кітаптарды оқыңыз: Рольф Йенсеннің «Арман қауымы» («Санкт-Петербургтегі Стокгольмскдік экономика мектебі») және Патрика Диксонның «Бизнес-трендтер» («Эксмо» баспасы). Осылардың бәрі сізге өз бизнес-идеяңызды іздеп, бизнестегі өз жолыңызды таңдауға жеткілікті болу керек.
Жеке бизнес. Оны неден бастау керек?
Барлығы идеядан басталады
Өз фирмаңызды ашу жолындағы бірінші атқарылатын нәрсе – идеяны ойластыру.
Бизнес-жоспар құрастыру немесе бәсекелестерге талдау жасау үшін сіздің немен айналысатыныңыз турады идеяны анықтап алу керек. Сонымен қатар, өз идеяңызды көрнекті түрде жеткізу керек! Мысалы, сіз ағылшын тілі мектебін ашқыңыз келеді. Бастапқы кезеңде сіз мектептің ауқымы туралы ойланасыз: бұл шағын мектеп бола ма немесе үлкен білім беру орталығы бола ма. Жұмысқа шетелдік мұғалімдерді шақырасыз ба немесе жергілікті мұғалімдер жеткілікті бола ма және т.б.
Шағын бизнесті бастамас бұрын – өзімізге талдау жасаймыз
Сіздің идеяңыз толықтай жетіліп, қалыптасқаннан кейін – өз мүмкіндіктеріңізді, бәсекелестер мен тәуекелдерді талдауға кірісесіз. Нақты мүмкіндіктеріңізді бағаламаған жағдайда тақырға отыруыңыз мүмкін.
Сонымен қатар, сізге келесі жағдайларды бағалау керек:
- барлық біліміңіз бен дағдыларыңыз, сондай-ақ, оларды өз бизнесіңізде қолдану мүмкіндіктері;
- сіздің бизнесіңіз есептелетін мақсатты аудитория;
- ғимарат немесе арнайы құрылғылардың қажеттілігі;
- ақша қаражаттары немесе кредит мүмкіндіктерінің болуы;
- қызметкерлердің қажеттілігі;
- сәтсіздік жағдайында істі қайта ұйымдастыру жолдары.
Бәсекелестерді талдау
Шағын бизнесті ашудың барлық оң және теріс жақтарын өлшеу және өз ісін ашу туралы соңғы шешім қабылдағаннан кейін, таңдалған саланы талдауға көшу керек. Осы кезеңде, сіздің бәсекелестеріңіз турады толық ақпарат жинау керек.
Бұл үшін әрбір бәсекелестің карточкасын құрастыру керек. Мұнда сіз өзіңіз үшін маңызды тармақтарды жазып отырасыз. Ағылшын тілі мектебі үшін карточкаға: орналасқан орны, жұмыс жасаған уақыты, тілдер саны, оқытушылар саны және т.б. жазылады.
Есте сақтаңыз: жергілікті жердегі барлау ғана сізге бәсекелес туралы толық түсінік береді. Осы кезеңде барлық мектептерге барып, өзіңізге қажетті ақпаратты біле аласыз. Кемшіліктері мен мықты жақтарын анықтау үшін әр мектептегі бірнеше сабаққа қатысқан дұрыс.
Бизнес –жоспар құрастырамыз
Сіз идеяңызды «ресімдеп», жеке және бәсекелі мүмкіндіктеріңізге талдау жасағаннан кейін бизнес-жоспар дайындауға көшесіз. Ол сізге таңдалған саланың құрылымын, бәсекелестікті және бастапқы кезеңдегі шығындарды дұрыс түсінуге мүмкіндік береді. Бизнес-жоспарда сатылатын тауар немесе көрсетілетін қызметтің дәл сипаттамасынан бастап, фирманы дамыту әдістеріне дейін қамтылады. Өз тауарларыңыз бен қызметтеріңізді кімге және қалай сататыныңызды сіз тек өзіңіз ғана білесіз.
Кәсіпорынды тіркеу
Бұл тармаққа баса мән беру керек. Жұмыс жасап жүрген заңды тұлғалардың ұйымдастырушылық-құқықтық формаларын зерттеңіз. Ұйымдастырудың бастапқы кезеңінде арнайы бухгалтерлік агенттікке жүгіну және міндетті түрде салық салу жүйесін таңдау керек. Сонымен қатар, сізге банк шоты мен мөр қажет болады.
Шағын бизнеске кредит беру
Бастапқы кезеңде көптеген ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер кредит алғысы келеді. Дегенмен, барлық банктер бірдей мұндай жағдайда көмек көрсете алмайды, себебі көптеген банк бағдарламалары негізінен қалыптасқан бизнеске бағытталған. Сол себепті, кредит алуға өтініш берудің алдында таңдалған банктің шағын бизнеспен жасайтын жұмыстарының барлық шарттарын қарастыру керек. Шағын бизнесті қолдау бойынша мемлекеттік бағдарламаларды пайдалану керек.
Кәсіпорын жұмысын ұйымдастыру
Барлық ресми шаралардан өткеннен кейін, сіз бір бума қағазыңызбен сізді директор ретінде бекітетін салық мекемесі табалдырығында тұрған сәттен бастап сіздің қызметіңіздің ең қызықты кезеңі басталады.
Ұйым құрылғаннан кейін, сізге оның жұмысын жолға қою, қызметкерлер жалдау, құрылғылар сатып алу және жарнама жасау қажет. Өз шағын кәсіпорныңыздың жұмысын қалай ұйымдастыратыныңызға әрі қарай қандай кіріс алатыныңыз байланысты болады.
Перспективті бизнес-идеялар көздері
Жақсы бизнес-идеяны алу оңай нәрсе емес. Ол үшін әр түрлі көздер қолданылады:
· бәсекелестер шығаратын өнім;
· сауда қызметкерлерінің, өткізу агенттерінің пікірлері;
· әр түрлі басылымдар;
· тұтынушылардың пікірлері;
· достар мен туысқандардың ұсыныстары мен нұсқаулары;
· үкіметтің, қала немесе аудандағы жергілікті әкімшіліктің басылымдары;
· әлеуметтік қызметтер немесе коммерциялық емес ұйымдардағы туындаған идеялар;
· патент бюросының мұрағаттары;
· зерттеу лабораториялары мен университеттер;
· кәсіпорынның ғылыми-зерттеу және тәжірибелік құрылымдық әзірлемелері.
Тұтынушылардың арыздары мен сұраныстардың қанағаттандырылмауы бірнеше әріптестер мен туыстарынан естіген жағдайда тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған жаңа өнім (қызмет) шығарумен байланысты бизнес-идеяның туындауына түрткі болуы мүмкін. Сатып алушылармен, сауда қызметкерлері, техникалық мамандар және өткізу агенттерімен әңгімеден алынған ақпарат кәсіпкерге пайдалы ой мен бизнес идеялар алып келуі мүмкін. Жаңа идеялардың көзі патент бюросы мұрағаттары, кәсіпорынның ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-құрылымдық жұмыстары мұрағаттарына шолу да болуы мүмкін.
Менеджмент саласындағы көрнекті теоретик Питер Друкер кәсіпкерлік мүмкіндіктерге алып келетін өзгерістерді талдаудың жеті саласын атап көрсеткен. Олар орын алып отырған өзгерістердің белгілері және индикаторлары болуы мүмкін.
Оларға жататындар:
v кездейсоқ оқиғалар (кәсіпорын немесе сала үшін) — күтпеген жетістік, күтпеген сәтсіздік немесе кенеттен орын алған штаттан тыс жағдай;
v конгруэнтті болмау — нақтылық пен біздің ол туралы түсінігіміздің арасындағы сәйкессіздік («ол қандай болуы керек екені»);
v үдеріс қажеттіліктеріне негізделген жаңалықтар (оның жойылуы тиісті кемшіліктері мен осал тұстары);
v сала немесе нарық құрылымдағы кенет өзгеріс;
v демографиялық өзгерістер;
v қабылдау мен құндылық бағдардың өзгеруі;
v жаңа білімдер (ғылыми және ғылыми емес).
Болашақ бизнестің идеясын таңдау барысында нарықтағы сатып алушылардың жалпы қалауын ескеру керек. Сіздің бизнесіңіз – бұл сіздің тауар немесе қызметті сатып алған тұтынушы сатып алатын қанағат екенін ұмытпаңыз.
Жемісті бизнестің бірнеше ережелері
Жыл сайын тауарлар мен қызметтер нарығында жүздеген жаңа компаниялар пайда болады. Бір компаниялардың қажетті қаражаты болмаса да дереу жолы болса, енді біреулері өз орнын сақтап қала алмайды. Үшінші біреулері бастапқыда ешбір құралы болмаса да жеңіп шығып, табысты холдингтердің өзінен де озып кетеді. Сол себепті кәсіпкер фирма ашу кезінде бизнесте жолы болғанын тілейді.
Бизнестегі сәттілік: табысты бизнестің саласы дұрыс
Қандай да бір фирма ашудың алдында сізге таңдалған салада талдау жасап, өз фирмаңыз бәсекелестікті қалай жеңе алатынын білу керек. Мысалы, халық саны 20 мың адамды құрайтын қалада екі жүзінші азық-түлік сататын дүкен ашудың мәні жоқ. Дегенмен, бәсекелестік жоқ жағдайда шағын құрылыс дүкенін ашуға әбден болады.
Бизнесте жетістікке жету үшін — мақсатты аудиторияны зерттеу керек.
Кез келген кәсіпкер үшін өзінің мақсатты тұтынушысының келбетін білу маңызды. Идеалдар туралы айтатын болсақ, тұтынушы сіздің тауарды немесе қызметті сатып алып, ал сіздің ісіңіз қуаныш әкелуі керек.
Өз өнім мен қызметіңізді бірегейлігі туралы ойлануға ешқашан да кеш емес. Өнімнің ерекше белгілері туралы ойланыңыз. Адамдар не себепті көршілес «Шаруашылық тауарларына» емес сізге келуі керек?
Сіз тұтынушыны қосымша жеңілдіктермен немесе тауар сапасыз болған жағдайда ақшасын қайтару арқылы қызықтыра аласыз.
Бизнестегі жетістік үшін беделді қорғау керек
Жақсы бедел болмаған жағдайда ешқандай бизнес жетістікке жете алмайды. Сол себепті істі адал жүргізу, тұтынушыларды еш уақытта алдамай, даулы мәселені екі жаққа да ұтымды шешу керек.
Бизнестегі жетістік. Жаңалыққа қарсы ашықтық
Ақылсыздық сәнді емес. Сол себепті өз қызметкерлеріңіз бен мамандардың пікірлеріне құлақ асу керек. Эксперимент жасауға және сынға қалуға қорықпау керек.
Қорытынды шығара білу
Бұл тек кәсіпкерлерге ғана емес, барлық адамдарға қатысты. Кез келген ұйымда сәттіліктер мен сәтсіздіктер болатыны анық. Сол себепті қателіктен сабақ алу аса маңызды. Бәрін өзіңіз жасау қажет емес. Өкілеттілікті бөле білу керек.
Қорыта келе, тек ақшаға ғана баса мән бермеу керек. Бірінші кезекте сіз өз тұтынушыларыңыздың қажеттіліктерін қанағаттандыра білуіңіз қажет. Ал риза болған тұтынушы қайта айналып келеді.
Бизнес-идея мазмұны және оны түсіндіру тәсілдері
Бизнес-идеяны жүзеге асыруда жетістіктерге жету үшін оны инвестор тұрғысынан қарастыру керек. Бизнес-идеялар – бұл өнімнің жарнама парағы немесе техникалық тапсырма емес, бұл шешім қабылдауға арналған құжат және ол үш сұраққа жауап беруі керек.
1. Бизнес-идея қандай мәселенің шешімін табады, оның тұтынушы үшін пайдасы қандай (не)? Нарық жағдайында жетістік таң қалатын құжаттарға емес, қанағаттанған тұтынушыларға тәуелді болады. Тұтынушылар өз қажеттіліктерін қанағаттандырып, мәселелерінің шешімін табу үшін өнімді сатып алады. Бизнес-идея әлеуетті тұтынушылар үшін маңызды мәселелердің шешімін табуы керек. Олардың өнімді тұтынудан алған пайдасы оның жаңалығы, балама шешімдермен салыстырғанда жақсартылуымен байланысты болады. Осылардың барлығы бизнес-идеялардың нарықтағы жетістіктерін қамтамасыз ету мен дифференциалдау құралы болып табылады.
2. Ұсынылатын өнім немесе қызметтің нарығы қандай (кімге)? Бизнес-идеяның нақты экономикалық маңызы тек адамдар бір зат сатып алғысы келгенде ғана байқалады. Сол себепті сәтті бизнес-идеяның екінші ережесі – бұл оның өнім үшін тартымды нарықтың болуын көрсетуі және мақсатты тұтынушылар тобын сәйкестендіруі болып табылады.
Осы мақсатта нарыққа толықтай талдау жасау қажет. Нарық өлшемдеріне қатысты жасалған ұсыныстар бизнес-идея үшін жеткілікті болады.
3. Кіріс алу механизмі қандай (қалай)? Бизнестегі кірісті анықтаудың классикалық сызбасы келесі түрде болады: кәсіпорын шикізат, материал немесе қызметтерді жеткізушіден сатып алады, олардың ақысын төлейді. Төлем өлшемдері оның шығындарын көрсетеді. Кәсіпорын өзі өндірген өнімдерін сатқанда ол кіріс және өткізу түсімін алады. Бастапқыда кіріс мен шығысты жай есептеумен шектелуге болады.
Бизнес идеяларды іздеу бойынша 10 кеңес
Қолайлы бизнес идеяны табу, болашақ үйдің іргетасын дұрыс қалаумен бірдей. Жұмыс қаншалықты сапалы атқарылса, құрылыс та соншалықты ұзақ тұра алады. Сондықтан бизнес идеяны іздеу үшін бар күш-жігеріңізді жұмсағаныңыз абзал. Сізге бірнеше жақсы кеңестер көмектеседі.
1. Идеяларды іздестіру үшін адамдармен тығыз қарым-қатынас орнатып, оны мақсатты түрде әр түрлі жерлерде жүргізу қажет.
2. Кез-келген бизнес идеяны, тіпті ол "ақылсыз" және "үмітсіз" көрінсе де жазып алған жөн. Бұл үшін жиналған идеяларды санаттар бойынша бөле отырып, картотека құрған дұрыс. Бір кезде бұл материалдар пайдалы болуы мүмкін.
3. Есте сақтаңыз, идеялар жетілдіру және генерациялау үшін уақыт қажет, одан кейін шешім қабылдау, нақты іс-әрекеттерге көшу басталады. Әрбір қадам үшін міндетті түрде шектеулі мерзім орнатып, оны қатаң сақтау керек.
4. Өзіңізді әлеуетті тұтынушылардың орнына қойыңыз және оларға сіздің өңіріңізде не жетіспейтінін талдаңыз. Бұл сіздің бірегей іскерлік идеяны табу мүмкіндігіңізді арттырады. Идея бірегей болмаса да, сіздің өңірдегі бәсекелестікті бағалап, табысты пайдалануға болатын бәсекелестік артықшылықтарды анықтаған жөн. Бұл жақсы бизнес идеяны табу қиындығын қарапайым құралдармен шешуге мүмкіндік береді.
5. Қолдағы бар нәрсені тиімді пайдалану үшін өз қабілетіңізді түсіну маңызды.
6. Іскерлік идеялар генерациясы – ол ақпаратты жинау және нұсқаларды іздеу ғана емес, сонымен қатар, нақты іс-әрекетке және кәсіпкердің қолында бар бастапқы мүмкіндіктерге бағытталған бизнес-жоспарлау.
7. Сіздің тұлғалық және қаржылық-ұйымдастырушылық қабілеттеріңізбен бизнестің қай түрі анағұрлым қолайлы екенін анықтап, сіз іскерлік идеялар іздеу секторын тарылтып, қажет бағытта сырғыта аласыз.
8. Ұқсас бизнес идеяны таңдау кезінде,міндетті түрде табысты иесімен қарым-қатынас жасау өте пайдалы.
9. Бастапқыда теңдесі жоқ идеяларды іске асыру неғұрлым қиын. Тәжірибесін пайдалануға болатын ізашардың болмауы әсер етеді. Әдетте, осындай жобалар үлкен инвестицияларға мұқтаж, ал сенерлік прецеденттер жоқтығынан банктер мен инвесторлар оларды қаржыландыруға әрең келіседі. Алайда, дәл осындай идеялар ең үлкен капиталдарды алуға мүмкіндік береді.
10. Бизнес идеяны таңдау онша маңызды емес. Естен шығармаңыз, ең үлкен бастапқы капитал– бұл сіздің мақсаттылығыңыз, батылдығыңыз, көздеген мақсатқа жету үшін жігерлігіңіз және еңбекқорлыққа ұласқан ақыл.
Дереккөз: business.gov.kz