Дүниежүзілік экономикалық форумның сарапшылары жыл сайынғы дәстүр бойыншаТуризм мен саяхат индустриясы индексін әзірлеп шықты. Биыл туризмі ең дамыған елдер тізімін Испания бастап отыр. Туризмді дамытуға жыл сайын қыруар қаржы бөлетін Қазақстан болса небәрі 81-орынға жайғасқан. Тізімде барлығы 136 мемлекет бар.
Аталған зерттеу жұмысы Travel and Tourism Competitiveness Report ұйымының ресми сайтында жарияланды.
Рейтингті түзетін кезде мемлекеттердің ашықтығы, инфрақұрылым мен әуе байланысының даму деңгейі, табиғи және мәдени құндылықтары, қауіпсіздік секілді тағы бірнеше параметрлер қарастырылған.
Рейтингтің екінші сатысына Франция жайғасса, үздік үштікті Германия қорытындылап тұр. Сондай-ақ, ең үздік 10 мемлекеттің тізімінде Жапония, Ұлыбритания, АҚШ, Аустралия, Италия, Канада және Швейцария бар.