Еуразиялық экономикалық комиссияның Кеңесі Кедендік одақтың бірқатар техникалық регламенттеріне өзгерістер енгізді
18.03.2017, 16:53

Еуразиялық экономикалық комиссияның Кеңесі Кедендік одақтың бірқатар техникалық регламенттеріне өзгерістер енгізді

Бүгін Мәскеу қаласында Еуразиялық экономикалық комиссиясы Кеңесінің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды ҚР ИДМ баспасөз қызметі.

Отырыс барысында ЕЭК Кеңесінің Кедендік Одақ Комиссиясының 2012 жылғы 20 шілдедегі №57 шешіміне, «Жарылғыш заттардың қауіпсіздігі және олардың негізінде жасалатын бұйымдар туралы» техникалық регламентінің 4-бабының 1-ші тармағының күшіне енуін 2017 жылдың 1 қаңтарынан 2021 жылдың 1 қаңтарына ауыстыру бөлігінде, сондай-ақ Кеден одағының «Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентке өзгерістер енгізу мәселелері мақұлданды. Бұл техникалық регламент бойынша бекітілмеген магниттік және магниттік емес элементтері бар магниттік ойыншықтарға талаптар қою жөнінде өзгерістер көзделген, сондай-ақ ойыншықтардың орауларына талаптарды тәртіпке келтіру, сонымен қатар ойыншықтардың кауіпсіздігіне Одақтың бірыңғай кедендік аумағында іске асырылатын қосымша талаптар көзделген. Сонымен қатар, былғары аяқ киім өнеркәсібі тауарлары үшін субмердігерлік позицияларды бөлу және олар үшін кедендік баж мөлшерлерін 2 жыл мерзімге 0% -ға дейін төмендету мәселесі мақұлданды.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер