«ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі қарсаңында Еуразиялық Іскери Одағының павильоны салтанатты түрде ашылды. Онда 100 үздік қазақстандық тауар өндірушінің өнімдері қойылады, деп хабарлайды Baq.kz.
ЭКСПО-2017: Отандық тауар өндірушілердің павильоны ашылды
«Қазіргі таңда павильонға 20-дан астам бренд өз өнімдерін ұсынып отыр. Ал «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне дейін жалпы үздік 100 бренд өз өнімін көрсетеді деп жоспарлап отырмыз. Көпшілік назарына ұсынылған тауарлардың әлеуеті жоғары, экспортқа бағытталған», - деді ол.
Оның айтуынша, павиольонда кәсіпкерлер үшін тиісті жағдай жасалған.
«Біз компанияларға өз жұмыстарын одан әрі белсенді жүргізуге жағдай жасап отырмыз. Олар осында өз өнімін қою үшін 1 жылға 300 мың теңге төлейді. Бұл қаржы тиісті қызметті көрсететін азаматтарға беріледі. Яғни әрбір кәсіпкерден түскен ақша сатушыға, осы жерде қауіпсіздік қызметіне жауап беретін күзетшіге беріледі», - деді аталмыш федерация президенті.
Сондай-ақ, шараны ұйымдастырушы павильонға қойылған отандық өнімдерге шетелдік қонақтар тарапынан сұраныс жоғары болатындығын атап өтті.
«Астана әкімдігі еліміз үшін маңызды көрменің туристік картасын жасаған уақытта біз өтінішімізді білдірдік. Біздің павильон халықаралық көрменің туристік картасына кіріп отыр. Сондықтан шетелдік қонақтар осы аумаққа келеді деген сенімдеміз. Себебі, мұнда қазақтың ұлттық өнімдері мен тағамдары және сапалы тауарлар қойылады», - деді Римма Тәжібаев.
Сонымен қатар, шараға «Жарылқасым» шаруа қожалығының директоры Нағима Жарылқасымова қатысты. Ол жаңадан ашылған павильонға өз өнімін қойған. Зейнетке шыққан ұстаз бағын бизнесте сынап көргісі келеді. Осылайша кәсіпкер жаңа технология арқылы құрттың 5 түрін жасаған екен.
«Бұл жерде табиғи өнімдерден жасалған 5 түрлі құрт тұр. Олар қызылша, қымыздық, асқабақ, жаңғақтан және ірімшіктен жасалған. Мектепте жұмыс істегенмін. Зейнеткерлікке биыл шықтым. Өнімдерімді енді ғана патенттеп жатырмын. «ЭКСПО-2017» көрмесі кезінде өз өнімімді, яғни қазақтың ұлттық тағамын замануи технологиялар арқылы жаңа брендке айналдырғым келеді. Себебі, бұл ата-бабамыздан келе жатқан асыл мұра», - деп түйіндеді сөзін кәсіпкер.
Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.
Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13