Показать содержимое по тегу: Ұлтаралық
Дереккөзі: © «Сақшы» газеті, №16 (4566), бейсенбі, 27.02.2020...
«Бөз жинаған – бір кісілік, сөз жинаған – мың кісілік» деген сөз бар. Себебі, бір жазушы ағамыз айтпақшы, сөз – киелі. Сөз жинаған адам – кие жинағанмен бірдей болмақшы, яки киелі адам ғана сөз жинайды.
Осы орайда біз кезінде «Ана тілі» газеті, Baq.kz порталында бас редактордың орынбасары қызметтерін атқарған әріптесіміз, мемлекеттік қызметші болып көрген, әрі қоғамға қажет жұмыстармен айналысып, зерттеушілік жағынан да танылып келе жатқан азаматтың бірі, «United Citizens Fund» ҚҚ төрағасы – Абылайхан Қалназаровтан сұхбат алуды жөн көрдік.
Түпнұсқа тақырып: «Біздің көп халық азаматтық журналистика мен ұлттық журналистиканың арасын ажырата алмайды»
Бұл азаматты көптен білуші едік. Негізінен журналист, шенеунік, қала берді кәсіпкер ретінде танитынбыз. Алайда соңғы кездері өзінің негізгі дипломдық мамандықтарына орай мәдениеттанушы-лингвист ретінде де көптеген ілкімді шаруалардың басы-қасында жүр.