субсидия

Показать содержимое по тегу: субсидия

Биылдан бастап мүгедектерді жұмыспен қамту мақсатында олар үшін арнайы жұмыс орнын ашқандарға субсидия беріледі. Бұл туралы ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова брифингте мәлімдеді, деп xабарлайды Baq.kz тілшісі.

Опубликовано в Әлеумет

Әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті болу межесі еліміздің агроөнеркәсіптік кешені саласының алдына тың міндеттер қояды. Елбасы бұл перспективаға әрдайым назар аударып келеді. Бұл тұрғыда Қазақстанның экономикалық өсімінің негізгі драйверлерінің бірі болуға ұмтылып отырған аграрлық сала дамуында тиімді де оңтайлы тетіктерді қарастырудың маңызы зор. Осыған орай, ауылшаруашылық тауар өндірушілерін мемлекеттік қолдау шараларын жетілдіруге, субсидиялар тиімділігін арттыруға қатысты сауалымызға Ауыл шаруашылығы министрлігінің қоғаммен байланыс басқармасының басшысы Жасұлан ӘБДІМАНАП жауап берген болатын.

Опубликовано в Жалпы экономика
Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында субсидия алушылар саны 7 есеге дейін көбейеді. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзаxметов айтты, деп хабарлайды BNews.kz  тілшісіне сілтеме  жасаған Kazgazeta.kz.
Опубликовано в Экономика

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі А.Мырзахметовтың төрағалығымен селекторлық режимде Жамбыл облысы ауыл шаруашылығы саласының ағымдағы жай-күйі мен проблемалық мәселелеріне арналған отырыс өткізілді, деп хабарлайды silteme.kz.

Жиынға Ауыл шаруашылығының вице-министрлері мен ведомствалық комитеттер мен департаменттер басшылары, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары мен облыстық ауыл шаруашылығы құрылымдарының қызметкерлері және де «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ еншілес ұйымдарының өкілдері қатысты.

«Еліміздің барлық өңірлерінен күн тәртібінде тұрған өзекті АӨК-тің проблемалық мәселелерін жинақтадық. Осы материалдардың негізінде арнайы кесте түзіліп, бүгіннен бастап әр аймақтың түйткілдерін жеке дара бейнеконференциялық байланыс арқылы қарауды бастаймыз. Бұл шаралардың басты мақсаты – мәселелерді көтеріп қана қоймай, нақты шешімдер қабылдау және Ауыл шаруашылығы министрлігі мен аймақтық атқарушы органдар арасында тиімді қарым-қатынас жүйесін қалыптастыру болып табылады», - деп атап өтті А.Мырзахметов.

Жаңа форматтағы бұл үрдіс Жамбыл облысының мәселелерін талқылаудан басталды.

Бейнебайланыс барысында жамбылдықтар тарапынан біріншікезекті мәселе ретінде мал шаруашылығы саласына субсидияның жетіспеушілігі, тиімділігі айтылды. Олардың хабарлауынша, ағымдағы жылы Жамбыл облысының мал шаруашылығын субсидиялау бағдарламасына қосымша 2,1 млрд. теңге, ал АӨК субъектілеріне инсвестициялық субсидиялау үшін 2,8 млрд. теңге қажет.

Бұған жауап ретінде, Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері экономикалық өсім мен 2016 жылғы жұмыспен қамту ауқымын ұлғайту аясында Министрліктің облыс әкімдіктерімен бірлесіп мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау үшін қосымша 30,2 млрд. теңге сомасында қаржы бөлу бойынша бюджеттік сұраным әзірлегенін атап өтті. Оның ішінде, Жамбыл өңіріне 5,7 млрд. теңге бөлу қарастырылғаны және де сұранымның Ұлттық экономика, Қаржы министрліктері тарапынан қолдау тауып отырғандығы айтылды. 

Екінші сұрақ ретінде малға арналған нөмірленген құлақ сырғаларының жеткізілуі мәселесі талқыға түсті. 2015-2016 жылдардың өтінімі бойынша сұралған сырғалар діттеген жеріне уақытылы жеткізілмеген.

Бұл орайда А.Мырзахметов жауапты құрылымдарға аталған олқылықтың алдағы уақытта қайталанбауын қатаң ескертіп, сырғалардың арнайы қоры жасалуын және де әр жылдың 1 наурызына дейін сырғалардың тиісті орындарға жеткізу міндетін қолданыстағы ережеге енгізуді тапсырды.

Сондай-ақ, Жамбыл облысы аграриилерін мазалап отырған тағы бір түйткіл – лизингке техника беру ережесін елеп-екшеу мәселесі қызу талқыланды. Өңір өкілдерінің пікіріне сүйенсек, әр өңірдің өзіндік ерекшеліктеріне сәйкес лизингтік талаптарды Қазақстан бойынша бірыңғай қолдануға келмейді. Мәселен, бір техникаға байланысты жердің көлемі оңтүстікте солтүстікке қарағанда әлдеқайда төмен. Сондықтан да, осыны ескеру керек. Географиялық спецификаға қарай мұнда көлем мен көрсеткіштерге байланысты бірқатар қиындықтар бар.

Өз кезегінде, сындарлы ұсыныстарды қабылдауға әзір екендігін атап өткен Ауыл шаруашылығы министрі өз қызметкерлеріне лизингтік талаптарды әр өңірдің ерекшелігіне қарай қайта қарастыруға тапсырма берді.

Сонымен қатар, жиында Жамбыл облысының ауыл шаруашылығына байланысты бірқатар мәселелер қаралды.

Жиын соңында Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Абдалы Нұралиев барлық құзырлы тараптардың бір стол басында бас қосып, ортақ мәселелерді талқылауға мүмкіндік беретін мұндай тиімділігі жоғары жаңа форматтағы бейнебайланыстың өте қажет екендігін баса айтып, алғыс білдірді.

Опубликовано в Жалпы экономика

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер