Субсидия алушылар саны 7 есеге дейін көбейеді – АШМ
29.11.2016, 13:24

Субсидия алушылар саны 7 есеге дейін көбейеді – АШМ

Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында субсидия алушылар саны 7 есеге дейін көбейеді. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзаxметов айтты, деп хабарлайды BNews.kz  тілшісіне сілтеме  жасаған Kazgazeta.kz.

«Бағдарлама барысында субсидия алушылар саны 7 есеге дейін көбейіп, «ҚазАгро» арқылы жеңілдікпен алатындар саны артып, несие алатын орта және шағын кәсіпкерлікті қолдау 1,4 есеге ұлғаяды. 1 теңге бойынша субсидиялау 2 есеге дейін, яғни 7,5 теңгеден 13 теңгеге дейін көбейеді. Бұл жалпы өнім өндіру үлесі 50%-ға артады деген сөз. Жеңілдікпен несие берудегі негізгі мақсат – өңдеуші кәсіпорындардың үлесін көбейту. Ал, инвестициялық субсидия арқылы қымбат емес ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алу қарқынын 1,5-2 есеге дейін ұлғайту көзделіп отыр», – дейді Асқар Мырзаxметов.

Министр, сондай-ақ, жаңа бағдарлама аясында егіс алқаптарын әртараптандыру жалғастырылатынын айтты.

«Бидай алқаптары 2,3 млн гектарға (2016 жылы 12,4 млн га-дан 2021 жылы 10,1 млн. гектарға ) қысқартылады. Босаған алқаптарға экспортқа сұранысы жоғары арпа, сұлы, жүгері және майлы дақылдар егіледі. Біздің тарапымыздан егіс алқаптары өңірлер мен дақылдар бойынша есептелді. АӨК-ті дамыту үшін, жаңа бағдарламада көрсетілген тапсырмаларды сәтті орындау үшін ғылым және білім салаларын дамытудың ықпалын өзгерту мәселесі де қарастырылып жатыр. Ғылымды біріктіру мен білімді дамыту салаларына баса назар аударылуда. Ауыл шаруашылығы өндірісінің сұранысына жауап беретін зерттеулермен айналысу қажет. Сондықтан, ғылым тауар өндірушілердің нақты сұранысына байланысты қаржыландырылады», – дейді ол.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер