Показать содержимое по тегу: жетімдер
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының төрағасы, мемлекет және қоғам қайраткері, тілші-ғалым Нұртас Дәндібайұлы Оңдасыновқа арналған ән.
«Жетім көрсең жебей жүр» деген атам қазақ. Қазіргі таңда бай-бақуат азаматтар саны артты. Құдайдың барын ғана емес, мұны да еске бір салып қойған дұрыс-ау. Әйтпесе, күнде «ертеңмен» өтіп жатқан өмір ағыны бейкүнә балаларға бір қамқорлық көрсетуге де жетпей өтіп кетуі мүмкін. Ендеше, Алматы қаласындағы балалар үйлерінің байланыстарын назарларыңызға ұсынамыз.
Жаңа жылдың басты символын орнату мен шаһарды безендіруге биыл да қазынадан бір тиын да қарастырылмаған, деп хабарлайды muslim.kz.
«Северный» сауда орталығындағы «Бәрі де рахмет үшін» дүкенінде 1000-нан астам адамға тегін киім-кешек таратылды, деп хабарлайды altai.kz.
Оны қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен кәсіпкерлер палатасының қызметкерлері ұйымдастырды. Аталмыш шараға қатысушы, «Исток» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Мунира Балукованың айтуынша, мемлекеттік бағдарламалар аясында жыл сайын Семейдегі 500-ден астам қарт және жалғызбасты адамдарға арнайы әлеуметтік көмек көрсетіліп тұрады.
"Бұл дүкеннің ерекшелігі сола – мүгедектер және жетімдер үйінің балалары, жалғызбасты аналар мен әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылар өздерінің балаларына қалаған киімдерін тегін алып кете алады. Бірақ, ол үшін алдымен алушы жеке бас куәлігіндегі деректерін, мекен-жайын қалдырады. Соның негізінде дүкен қызметшісі киім-кешектің кімге берілгенін компьютерлік базаға енгізеді. Сол сияқты мұнда өздері кимейтін киімдерін өткізген жандарға да осындай талап қойылады", - дейді Мунира Балукова.
Шығыс Қазақстанда мемлекеттік – жеке меншік әріптестік аясында Қазақстандағы бірінші «Қамқорлық үйі» ашылды, деп жазады Ozgeshe.kz.