ШҚО-да еліміздегі алғашқы «Қамқорлық үйі» ашылды
03.06.2016, 11:51

ШҚО-да еліміздегі алғашқы «Қамқорлық үйі» ашылды

ШҚО-да еліміздегі алғашқы «Қамқорлық үйі» ашылды ozgeshe.kz

Шығыс Қазақстанда мемлекеттік – жеке меншік әріптестік аясында Қазақстандағы бірінші «Қамқорлық үйі» ашылды, деп жазады Ozgeshe.kz.

Балалар үйінен шыққан немесе жағдайы төмен отбасынан шыққан кез-келген жан енді «Қамқорлық үйіне» келіп, кәсіпкерлігін дамыту үшін немесе белгілі кәсіпке біліктілігін арттыру мақсатында түрлі курстарға қатыса алады.

Облыс басшылығымен бірлесе жұмыс атқарған «Аспан Арыстаны» қайырымдылық қорының бұл облыс аумағындағы бірінші жобасы. Дегенмен, келісім аясы өзге салаларда да кеңейе түспек.

"Жағдайы төмен отбасынан шыққан азамат немесе көпбалалы ана осында келіп, өзі таңдаған сала бойынша тегін біліктілігін арттыра алады. Дәл осындай қамқорлық үйінің құрылысын биылғы жылы Астана қаласында бастаймыз. Аталған сала бойынша бірінші болып Шығыс Қазақстан облысымен келісімге отырып, жемісін көргендіктен, бұл біздің келісіміміздің соңы емес деген сенімдеміз", – деді «Аспан Арыстаны» қайырымдылық қорының құрылтайшысы Жания Шаукенова.

Айта кетсек, «Аспан Арыстаны» қоры мен ШҚО әкімдігі 2014 жылы келісімге отырып, дәл сол жылы Қамқорлық үйінің алғашқы тасы қаланған.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер