Показать содержимое по тегу: Балуан Шолақ
ҚР Ұлттық Академиялық кітапханасында өнер зерттеушісі, деректанушы, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Серік Кәрібайұлы Оспанның «Балуан Шолақ» атты кітабының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды silteme.kz.
Қазақстандағы еркін және грек-рим күресінің кеңестік кезеңдегі тарихы
Қазақстан жері - даңқы қазақ даласын жер жарған хас батырларды дүниеге әкелген киелі мекен. Халық аңыздары мен ертегілерінен бала күнімізден түрлі тартыста бел сыбанып күштерін сынаған жас палуандардың жекпе-жектері туралы оқып келеміз. Ешқандай қарусыз палуандар бір-бірінің жауырынын жерге тигізу үшін арпалысқан. Қазақтың бірде-бір сауық кеші палуандар күресінсіз және ойнап жүріп мүмкін емес алып заттарды көтеретін баһадүрлердің өнерінсіз елестету мүмкін болмаған.
«Мен Балуан Шолақ тұлғасына 1998 жылы Т.Жүргенов атындағы өнер академиясында оқып жүргенімде қатты қызықтым. Сол кезден бастап, осы кісі жайлы фильм түсіргім келді. Балуан Шолақтың бойында ақындық, серілік, әншілік және алып қара күш те бар. Оның еліне, жеріне, отанға деген махаббаты әрқайсымызға үлгі боларлық. Менің ойымша, бүгінгінің жастары Балуан Шолақтай ерді білуі тиіс», - деді фильмнің режиссері Нұргелді Садығұлов.