«Балуан Шолақ» атты кітап жарық көрді
29.12.2017, 22:24

«Балуан Шолақ» атты кітап жарық көрді

ҚР Ұлттық Академиялық кітапханасында өнер зерттеушісі, деректанушы, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Серік Кәрібайұлы Оспанның «Балуан Шолақ» атты кітабының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды silteme.kz.

Кітап әнші-композитор, ақын, домбырашы, атбегілік, құсбегілік, балуандық, ат ойындары мен цирк өнерінің шебері,  халқымыздың дәстүрлі өнерінің барлығын бойына жинақтап, сал-серілік дәстүрді ұстанған дарабоз тұлғаның өміріне қатысты тың деректердің жазылуымен құнды әрі еліміздің рухани жаңғыруына қосылатын үлес болатыны даусыз.

Мәселен, кітапта автор Балуан Шолақтың туған жылы, оның Шолақ атануы, ақынның жарының шын есімі, Балуан ғашық болып алты ән арнаған Ғалия Тілеубекқызының тағдыры, 1899 жылы Жетісу өңіріне сал-серімен барып, өзіне шәкірт тауып, 15 жасар Кененге ағалық ақ батасын беріп, Кенендей ән бұлағының көзін ашуы туралы қызықты мәліметтер келтіреді.

«Архивтік құжаттардың деректеріне сүйенсек Балуан Шолақ 1859 жылы 19 қаңтарда дүниеге келіп 1918 жылы желтоқсан айында 60-қа қараған шағында дүние салған. Балуан Шолақ небары 20 жасында Карон палуанды жеңіп, кір көтеру бәсінде цирктің ең жоғарғы көрсеткіші 40 пұт салмақты 51 пұт (816 келі) салмаққа жаңартып әлемдік рекорд жасап, отыз екі жасында әлемдік дәрежедегі балуанның жамбасын жерге тигізген.  Бұл ерлігі алты алашқа әйгілі болып Балуан Шолақ есімі  аңызға  айналды» деп жазады кітапта белгілі өнер зерттеушісі.                                                        

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, күйші Жанғали Жүзбай жүргізген кешке зиялы қауым өкілдері мен ақынның ұрпақтары қатысты. Серінің тарихына қатысты тың деректерге толы әдемі әңгіме өрбіп, Балуан Шолақтың әндері орындалды.   

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер