Показать содержимое по тегу: құнттау
Әр ата-ананың ұрпақ алдындағы міндеті – жақсы тәрбие мен білім беру. Тәрбиені әркім өз ақыл-санасына, парасат-пайымына, тұрмыс-тіршілігіне қарай беретіні анық. Бала ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі. Білімге келсек, баласы «жерде қалмас үшін», жоғары білімді болғанын қалайды. ҰБТ-дан сүрінбей өтіп, бағы мен бабы қатар шапқан талапкер мемлекеттік грант иегері атанатыны анық. Биылғы талапкерлердің бағына орай, Елбасының тапсырмасымен, мемлекеттік гранттардың саны тағы да 20 мыңға артып отыр. Ал грантқа ілікпей қалған ұл-қызды әке-шешесі ақылы оқытамын деп, қалтасы көтермесе де, қарызға батып, несие алып жанталасып жатады. Барлығымыз баламыздың жоғары білімді болғанын қалағанымызбен, оның болашағын бүгіннен ойлап, оқуға деп қаржы жинақтауға мән бермейміз. 5-6 жыл бұрын қамдансақ, ең құрығанда бір жылдық оқу ақысына жететін қаражат жинақтауға болады.