Астанада мектеп бітіру кештері қалай өтеді?
14.05.2018, 13:15

Астанада мектеп бітіру кештері қалай өтеді?

Биыл Астанада 6 мыңға жуық оқушы мектеп бітіреді. Оның 275-і «Алтын белгі» белгісіне үміткер, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Астана қаласының Білім басқармасында атап өткендей, биыл жалпықалалық мектеп бітіру кеші болмайды. 

«15 маусымда барлық мектептерде аттестат табыстау салтанаты өтеді. 24 мамырда дәстүр бойынша халықаралық, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалардың жеңімпаздарына арнап «Триум» балын өткізуді жоспарлап отырмыз. Маусым айының соңында «Алтын белгі» иегерлерін құрметтейтін боламыз», – делінген басқарма хабарламасында.

Бұған қоса басқармада мектеп бітіру кештеріне қойылатын талаптар туралы айтты. «Ешқандай талап жоқ, таңдауды ата-аналар өздері жасайды. Олар ұжым болып мектеп бітіру кешін қайда өткізетінін таңдайды. Мектептер кештің уақыты мен орнын айтып, сәйкесінше біз ұстаздар мен инспекторлардан кезекшілік ұйымдастырамыз», – деді басқармада.  Білім басқармасында мектептің акт залдары мен спорт залдары мектеп бітіру кешін өткізуге ең қолайлы жер  деп санайды.

«Егер ғимаратта салтанатты өткізуге қолайлы жағдай болса, ата-аналарға түсетін қаржылай салмақты азайту үшін, әрине спорт және акт залдарында өткізген жөн. Алайда кейде белгілі бір себептерге байланысты салтанатты кешті өткізуге жағдай бола бермейді, сол кезде ата-аналар мектеп бітіру кешін ұйымдастыруға басқа нұсқаларды қарастыра бастайды», – деді Астана қалалық Білім басқармасында.

Дереккөз: www.24.kz

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер