Талдықорғандықтар «Өз кәсібінді аш» байқауынан грант жеңіп алды
07.03.2018, 11:43

Талдықорғандықтар «Өз кәсібінді аш» байқауынан грант жеңіп алды

Жыл сайын «Өз кәсібінді аш» атты әлеуметтік жобалар байқауы өткізіледі. Биыл осы конкурсқа Талдықорғандық Баялышбаев Елдос пен Қарабасов Нұрболат қатысып, грант иегерлері атанды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында белгілі болды, деп хабарлайды silteme.kz АА.

Аталмыш байқауға Елдос өзінің «Асар» сауықтыру орталығына келетін мүмкіндігі шектеулі жандарға қолжетімді хостел тұрғызу мақсатында қатысқан.

«Қазіргі уақытта «Асарға» келушілер үшін қаладағы кез келген жерде тұру ыңғайлы емес. Себебі, пәтер немесе қонақ үйді жалға алу қымбат және де барлық жерде лифттер мен пандустар жоқ. Сондықтан қоларбамен жүретін жандар үшін барлық жағдайды жасау біздің мақсат. Енді жобаға келер болсақ, гранттар бойынша сметалық құжаттама дайындалу үстінде, биылғы жылы біз қорды толтырып, құрылысты бастаймыз», - деді Елдос Баялышбаев.

Гранттың екінші иегері болып Қарабасов Нұрболат 10 мың доллар ұтып алды. Оның қоларбаға арналған қосымша құрылғыны пайдалану жөніндегі жобасы үлкен сұранысқа ие. Бүгінгі күні электромобильдерді сатып алуға көптеген өтініштер бар.

 

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер