«ҚазАгро» Ұлттық Холдингінің АӨК қолдау көлемі белгілі болды
01.02.2018, 08:18

«ҚазАгро» Ұлттық Холдингінің АӨК қолдау көлемі белгілі болды

«ҚазАгро» Ұлттық Холдингінің 2017 жылы Ақтөбе облысындағы АӨК қолдау көлемі 10,8 млрд.теңгені құрады. Жалпы Холдинг 2017 жылы республика бойынша агросаланы қаржыландыруға 267 млрд.теңге бағыттады, - деп «ҚазАгро» холдингі» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап silteme.kz АА хабарлайды.

«ҚазАгро» Холдингінің Ақтөбе облысы бойынша инвестициялық портфелінде 30 млрд.теңге сомасына 25 инвестициялық жоба бар. Жобаларды іске қосу мерзімінде 973 жұмыс орындары құрылды. Бүгінгі күні 25,5 млрд. теңге сомасына 22 жоба іске асырылып, 854 жұмыс орындары құрылды. Облыстағы ірі жобалардың ішінде «Green House Kazakhstan» ЖШС жылыжай кешені; «АқТеп» ЖШС компаниялар тобының ет кластері және т.б.

2017 жылы «ҚазАгро» Ұлттық холдингі тарапынан облыс бойынша 25,7 мың га аудан жеріне көктемгі-егіс жұмыстарын жүргізуге 336 млн.теңге сомасына 11 АШТӨ қаржыландырылды. Жалпы республика бойынша Холдинг бюджет несиесі қаржысына осы жылы көктемгі-егіс жұмыстарын жүргізуге 60 млрд.теңге сомасына 1816 шаруашылық субъектілреі мен агроқұрылымдары қаржыландырылды. Бұл аграршыларға 3003 мың га аудан жеріне егін егуге мүмкіндік берді.

2017 жылы Ақтөбе облысында «ҚазАгро» тарапынан 1 147 млн.теңге сомасына 10 несиелік серіктестер қаржыландырылды.

Сонымен қатар облыстық АШТӨ-мен 1 458 млн.теңге сомасына 113 бірлік ауыл шаруашылық арнайы техникасы мен құралдарын алуға келісім-шарттар жасалды.

«ҚазАгро» еншілес компаниялары арқылы 2017 жылы аймақтық ауыл шаруашылыққалыптасуларына 4 029 млн.теңге сомасына 1 085 микронесиелер берілді. 2017-2021 жылдарға Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған бағдарламасының екінші бағытын жүзеге асыру шеңберінде Ақтөбе облысы бойынша 2,3 млрд.теңге сомасына 487 микронесиелер берілгенін атап өткен жөн.

Ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда микронесиелерді кепілдендіру шеңберінде облыс бойынша 69 млн.теңге сомасына 10 кепілдік берілді.

Облыс бойынша мал шаруашылығын дамыту бағдарламасы бойынша 2017 жылдың өзінде «ҚазАгро» Холдингі компаниялары келесі бағыттарды қаржыландырды:

 

«Сыбаға» бағдарламасы бойынша – 335 млн.теңге сомасына 1243 бас ІҚМ сатып алуға 41 жоба, облыс бойынша ІҚМ аналық бастарын сатып алуға 2017 жылғы жоспар 77 пайызға орындалды.

 

«Алтын асық» бағдарламасы бойынша – 27 млн.теңге сомасына 1023 саулық сатып алуға 11 жоба, облыс бойынша КҚМ саулықтарын сатып алу бойынша 2017 жылғы жоспар 47 пайызға орындалды.

 

«Құлан» бағдарламасы бойынша - 107 млн.теңге сомасына 307 жылқы аналық бастарын сатып алуға 9 жоба жүзеге асырылды, облыс бойынша жылқы аналық бастарын сатып алуға 2017 жылғы жоспар 64 пайызға орындалды.

«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ өзінің құрылымына кіретін компаниялардың инвестициялық активтерін тиімді басқару арқылы, Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін дамыту бойынша мемлекеттік саясатты іске асырады. Холдингтің құрамына «ҚазАгроҚаржы» АҚ, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ, «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ, «ҚазАгроӨнім» АҚ, «ҚазАгроКепіл» АҚ және «ҚазАгроМаркетинг» АҚ енеді.

 

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер