Жайылым жерлері жалға берілмейді – министрлік
20.04.2018, 09:45

Жайылым жерлері жалға берілмейді – министрлік

ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР заңы қабылданды.

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеевтің айтуынша, құжатта ауыл шаруашылығы жерлерін қазақстандықтарға жалға беру нормасын сақтау және жетілдіру мақсатында жалға берудің жаңа әрі арнайы тәртібі қарастырылған.   Жалға алудың алғашқы 5 жылында әр жыл сайын, келесі кезеңде суармалы жерлерді әр 3 жыл сайын, ал суарылмайтын жерлерді әр 5 жыл сайын мониторинг жүргізу белгіленеді.  

«Ауыл шаруашылығы жерлерінiң үлкен көлемде бір қолға берілуін болдырмау мақсатында заң жобасында әр облыстық әкімшілік аудандарында ауыл шаруашылығы жерлерінің шектік мөлшерін белгілеу көзделген. Бір қолға берілетін жерлердің мөлшерін мәслихаттар мен әкімдіктердің бірлескен ұсынысымен Үкімет бекітеді. Бұл шекті мөлшерді айқындау үшін тиісті есептеу әдістемесі әзірленді. Сондай-ақ, ауылдық жерлерде жергілікті тұрғындардың жеке аула малына жайылым жетіспеушілігін шешу мақсатында заң жобасында жергілікті халыққа мал ұстау үшін жайылым алқаптарын анықтау туралы норма көзделуде. Осы мақсатта айқындалған жайылымдарды жалға беруге тыйым салынатын болады», – деді Өмірзақ Шөкеев.

Oның айтуынша, бүгінгі күні елдімекендердің маңындағы жайылымдардың көбі жеке және заңды тұлғаларға беріліп кеткендігін ескеріп, ол жерлерді қайтару үшін мемлекеттік мұқтажға жатқызу заң жобасымен белгіленген.

«Осы заң жобасында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді жекеменшікке сату және шетелдіктерге жалға беру туралы мораторийдің шеңберін кеңейтуді қарастырып отыр. Онда 1 пайыз болса да шетелдік үлесі бар қазақстандық заңды тұлғаларға жер берілмейтін болады. Бұл ретте заң жобасы нормаларының барлығы жер комиссиясы жұмысының қорытындысы негізінде әзірленген және ауыл шаруашылығы жерлерін тек қана қазақстандықтарға жалға беру институтын жетілдіруді көздейді», – деді министр.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер