Показать содержимое по тегу: Ұлттық
Бүгінгі таңда білім берудің негізгі мақсаты – білім алушының тек қана білімін, біліктілігін, дағдысын қалыптастыруға қол жеткізу ғана емес, ұлттық тәрбие негізінде ертеңгі қоғамның белсенді азаматын қалыптастыру. Бұл дегеніміз - ата-бабаларымыздан келе жатқан ұлттық санамызда, рухымызда, болмысымызда өзіндік қолтаңба ретінде қалыптасқан ұлттық өнерімізді насихаттау.
Тоғызқұмалақ ойыны арнайы тақтада екі адам арасында ойналады. Ойын тақтасы – 2 қазан, 18 отау, 162 құмалақтан тұрады. Ойын басында әр ойыншыға бір қазан, тоғыз отауға тоғыз-тоғыздан салынған сексен бір құмалақ тиесілі.
Бәйтерек – әлемдік ағаш. Әлемдік нұсқалардың бірі, әлем үлгісі. Барлық аңыздық дәстүрлерде, соның ішінде қазақы мифологияда кездеседі. Бәйтерек (нақты түпкі терек, Ана-терек) әлемдік ағаш ретінде барлық үш деңгейін – аспанның тоғыз немесе жеті қабаты болып есептелетін жоғарғыны, ортаны, әлемнің тоғыз немесе жеті қабаты болып есептелетін төменді байланыстырады. Оның жекелеген бөліктері өзімен дербес әлемдердің бөліктерін танытады: тамыры – жерасты әлемі, ұшар басы – орталық әлем, бұтақтары мен жапырақтары – жоғарғы әлем. Ал терек сөзінің этимологиясы (нұсқалары: дарақ, дарау, дара, тарақ), шамасы, *Tir түбірінен – өмір дегенді білдірсе керек.
Бүгін ОКҚ-ғы журналистер арасындағы өткізіліп жатқан Ұлттық «Самғау» байқауының барысы туралы қоғамдық комиссияның брифингінде «Халық маркасы» қазақстандық тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау жүйесі федерациясы» ЗТБ президенті Рима Тәжібаева отандық өнімдердің бәсекеге қабілеттілігінің артқанын айтты, деп хабарлайды silteme.kz.
Instagram әлеуметтік желісінің қолданушылары қазақтың ұлттық киімімен ағылшынша рэп айтып, би билеген үш қызды сынның астына алды. Болжам бойынша, Астанада түсірілген бұл видеоны таяуда dudoser деген қолданушы жария еткен, деп жазады Baq.kz.