Балаңыз жетістікке жетсін десеңіз…
24.12.2017, 10:25

Балаңыз жетістікке жетсін десеңіз…

Әрбір ата-ана үшін баласының өмірде өз орнын тапқанын көру үлкен бақыт. Баламыздың жарқын болашағын армандайтынымыз да рас. Кез-келген табысқа жеткен тұлғаның негізі балалық шақта жатыр. Жетіліп келе жатқан жасты тұлға ретінде қалыптастыру, мақсатқа жете алатын табысты азамат етіп тәрбиелеу үлкен еңбек пен ыждаhаттылықты қажет етеді .
Ендеше балаңыз табысты болсын десеңіз нені білу керек? Әлемдегі алдыңғы қатарлы университеттердің ғалымдары ұсынған 6 қағидаға назар аударыңыз: 1.Қоғамдық ортадаға бейімділігін күшейту.

Адамның өмірінің көп бөлігі қоғамдық ортада өтетін болған соң баланы өз-өзін ұстауға, сол ортамен белсене араласуға үйреткен жөн. Себебі Пенсельвания және Дьюк университеттері ғалымдарының зерттеуінше көпшіл, достарына көмектесуге даяр тұратын балалар мен айналасындағы түрлі мәселелерді ешкімнің көмегіне жүгінбей-ақ өзі шеше алатын балалар сәттілікке жете алатын болып өседі. Ал қоғамдық ортадағы қасиеттерге үйретілмеген бала көбіне ортада сіңісе алмайды. Көп мәселелерге шыдамсыздық танытады. Нәтижесінде үлкен өмірде алкоголь, есірткі сияқты жаман әдеттерге жақын болатыны анықталған.

2.Үлкен үміт арту.

Кез-келген саналы жеткіншектен арманың не деп сұрасаң “ата-анамның үмітін ақтасам” дейді. Рас, баланың көбісі ата-анасының үмітін ақтауға тырысады. Ал сіз оған көмектескіңіз келсе, жоғары талап қойыңыз. Калифорния штатындағы Лос-Анджелес Университетінің профессорлары 6 мың балабақша жасындағы балаларға зерттеу жүргізген. Зерттеу бойынша балаларының оқу үрдісіне үнемі көңіл бөлетін және алдын-ала оқу орындарын таңдап, үлкен үміт пен жоғары талап қойылатын балалардың 96% -ы тестілеуде жақсы нәтиже көрсеткен.

3.Сапалы білімге қол жеткізу.

Балаңыздан үлкен үміт күтсеңіз, алдымен өзіңізге биік мақсат қоя біліңіз.
Мичиган университеті ғалымдарының зерттеуі бойынша, өмірінде сапалы білімге қол жеткізген ата-ананың балалары да биік жетістіктерге жеткен. Мәселен мектепті аяқтамай, жеткіншек шағында жүкті болған қыздардың балалары қатарластарынан қарағанда өмірде жетустікке аз жеткен. Өздеріне жоғары талап қоятын ата-ана, балаларынан зор үміт күтсе болады.

4.Балаңызға жақын болыңыз.

Баланың өз-өзіне сенімді әрі табысты болуының басты формуласы- ата-ананың баласымен тығыз қарым-қатынаста болуында. Күн сайын балаңызбен байланысты күшейте түсіңіз. Оған өз тәжірибелеріңіз бен өміріне қажетті қасиеттерді үйретіңіз. Бұл балаңыз үшін үлкен өмірде табысқа жетудің алғашқы баспалдағы болары сөзсіз. Балаңыздың потенциалын жоғарлату үшін оның жетістіктеріне көңіл бөліңіз. Биікке тек еңбекпен жетуге болатынын жадына құя біліңіз. Мақсат қою және оған жету-жетістік екенін осы бастан үйретіңіз. Әрине өз үлгіңізбен.

5.Сәтсіздіктерге көңіл бөлмеу.

Жұмыстағы, айналадағы немесе үйдегі стрессті жағдайларды балаларға білдіртпеуге тырысыңыз. Үлкендердің стрестері мен депрессиялық көңіл-күйі денсаулыққа зиянынан бұрын, баланы тұйықтыққа “тәрбиелейді”.

6.Баланың қабілетіне көңіл бөліңіз.

Әр бала өзінше дарынды. Бірі музыкаға әуес болса, екіншісі спортқа бейімді. Қандай өнерге қабілетті болса да ата-ана үшін мақтануға тұрарлық. Баланың қабілетін дамыта отыра, жетістікке жетуге жетелеңіз. Бұл бала бойындағы өзіне деген сенімділікті арттырады. Жетістіктерін мақтауды да ұмытпаңыз. Себебі “орынды мақтау” баланың ой-өрісінің өсуіне, жетілуіне жақсы әсер етеді екен.Ең бастысы бала тәрбиесінде, баланы “мен мұны істей алмаймын” деп емес, “мен мұны істеуге тырысамын” деген дұрыс ой мен мақсатқа тәрбиелеңіз.

 

Елназ Ерланқызы

© elana.kz

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер