Елімізде арақ-шарап қымбаттайды
18.03.2018, 17:23

Елімізде арақ-шарап қымбаттайды

Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев ҚР үкіметінің қаулысына қол қойды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап silteme.kz АА.

Қаулыға сәйкес, 2018 жылы Қазақстанда арақ өнімдерінің бағасы қымбаттайды.

«ҚР үкіметі қаулы етеді: 2018 жылы арақ пен күшті ликер-арақ өнімдерінің литрі үшін бөлшек саудадағы бағасы 1900 теңгеден төмен болмауы керек», - делінген ресми БАҚ-та.

Құжат ресми жарияланған күннен бастап 10 күнтізбелік күннен соң күшіне енеді.

2017 жылы Қазақстанда арақ пен күшті ликер-арақтың литрінің бағасы 1700 теңге болған.

Ұлттық экономика министрі арақ өнімдерінің қымбаттауы оны тұтынушылардың санын азайтатынына сенімді.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер