Ресейдің білім министрі қазақстандықтарды ЖОО-да тегін білім алуға шақырды
06.03.2018, 12:23

Ресейдің білім министрі қазақстандықтарды ЖОО-да тегін білім алуға шақырды

Қазақстандықтардың ресейлік ЖОО-да тегін білім алу мүмкіндігі туралы Ресейдің білім және ғылым министрлігі басшысы Ольга Васильева.

"Қазақстанның азаматтары, Белоруссия, Қырғызстан және Тәжікстан азаматтары мен қатар тең құқықта ресейлік жоғары оқу орындарына түсе алады, бұл оларға осы елдерде ашылған емтихан тапсыру пункттерінде ЕГЭ емтиханын тапсыруына мүмкіндік береді. Ресейдің білім министрлігі Қазақстанның экономикасын дамытуға қажетті жоғары білікті мамандар дайындап шығару үшін тиісті шаралар қабылдап жатыр", — деді Васильева РИА Новости тілшісімен сұхбат барысында.

Оның мәліметіне сүйенсек, қазіргі уақытта ресейлік жоғары оқу орындарында 67 мыңдай Қазақстан азаматы оқиды, олардың 26,8 мыңы федералды бюджет есебінен білім алып жатыр, 40 мыңнан астамы өз қаражатымен мамандықты игеруде.

"Ресей ЖОО-на шетелдік азаматтарды қабылдау жоспарына сәйкес, Қазақстан азаматтарына биыл 452 мемлекеттік грант бөлінген", — дейді ол.

©sputniknews.kz

 

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер