Димаш Құдайбергенге Қытайда қанша дауыс берілді
06.03.2018, 12:12

Димаш Құдайбергенге Қытайда қанша дауыс берілді

Димаш Құдайберген Қытай интернет-компаниялардың ең беделдісі - NetEase компаниясының «Ең ықпалды сері» (Top Influential Idol) рейтингінің кезекті кезеңінде жеңімпаз атанды.

«Барлық шерулерде мен үшін дауыс беріп, үнемі мені қолдап, мəртебемді биіктетіп жүретін туған елімдегі жəне əлемнің түкпір-түкпіріндегі жанкүйер тыңдармандарыма мың алғыс! Екі күнде 70 миллионға жуық дауыс жинаған жетістік сіздердікі Dears! Жеңімпаз мен емес, сіздерсіздер! Рахмет, dears!», - деп жазды әнші Instagram-дағы парақшасында. Айта кетейік, бұл Димаштың «Top Influential Idol» рейтингісінде алғаш рет бой көрсетуі. Рейтинг әр апта сайын жаңаланып, рейтингке енген әр жұлдыздың жанкүйерлері 7 күн бойы дауыс беріп әр жаңа аптаның басында жеңімпазды анықтайды. Жыл соңында ең көп апталық жеңімпаз иегері, жылдың «Ең ықпалды серісі» атанады. Димаш қазіргі уақытта 62-кезекті «Top Influential Idol» рейтингінде 1,09 млн дауыс жинап, үшінші орынға жайғасты.

ДЕРЕККӨЗ: ҚазАқпарат

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер