Показать содержимое по тегу: мұнай
Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ұрланған мұнайға қатысты тауарлық сараптама жасалды. Сараптама қорытындысы кезінде мұнай компаниясының шығыны екі есе кеміді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Латын Америка елдері мұнай саласында шетелдік компаниялардың жұмыс істеуіне рұқсат бере бастады. Сарапшылар мұны «еркін нарық қағидаларының жеңісі» деп бағалап отыр. Болашақта қара алтынның бір баррелі 60 долларға дейін өссе, Бразилияда теңіз түбінен мұнай шығару жаппай қолға алынуы мүмкін. Бұрын мұндай әдіс тиімсіз саналып келген еді. Ал енді неліктен сұраныс туындап отыр?
Мемлекет басшысы жыл қорытындысы бойынша отандық медиа өкілдеріне сұхбат берді. Кездесуде «ЭКСПО-2017» көрмесі мен оның ел экономикасына қалай әсер еткендігі сөз болып, еңбек миграциясы, «жасыл» экономика, «Цифрлы Қазақстан», «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобаларының мән-маңызы айтылды. Сонымен бірге Нұрсұлтан Назарбаев бензин тапшылығына қатысты пікір білдірді.
Атышулы «Ағайынды төртеудің» жетекшісі мұнайдан түскен пайдаға қару-жарақ сатып алған, деп хабарлайды ктк. Бұл туралы Ақтөбедегі мамандандырылған қылмыстық істер жөніндегі сот ғимаратындағы сот барысында айтылған.
- Энергетика министрлігі «Қашаған» кен орнынан 2017 жылы 4-тен 7 млн тоннаға дейін мұнай өндіруді көздейді. Бұл туралы ҚР энергетика министрі Қанат Бозымбаев кезекті отырыстан кейін ҚР Парламенті Сенатының кулуарында айтты, деп хабарлайды primeminister.kz.
«Біз келесі жылы Қашағанда мұнайды 4-тен 7 млн тоннаға дейін өндіруді жоспарлап отырмыз. Бұның бәрі ұңғымаларға және қондырғылардың қалай жұмыс істейтіндігіне байланысты», - деді Қ. Бозымбаев.
Жалпы, министрдің болжамынша, 2016 жылдың соңына дейін Қашағанда 1 млн тонна өнім өндіруді жоспарлап отыр.