- Энергетика министрлігі «Қашаған» кен орнынан 2017 жылы 4-тен 7 млн тоннаға дейін мұнай өндіруді көздейді. Бұл туралы ҚР энергетика министрі Қанат Бозымбаев кезекті отырыстан кейін ҚР Парламенті Сенатының кулуарында айтты, деп хабарлайды primeminister.kz.
«Біз келесі жылы Қашағанда мұнайды 4-тен 7 млн тоннаға дейін өндіруді жоспарлап отырмыз. Бұның бәрі ұңғымаларға және қондырғылардың қалай жұмыс істейтіндігіне байланысты», - деді Қ. Бозымбаев.
Жалпы, министрдің болжамынша, 2016 жылдың соңына дейін Қашағанда 1 млн тонна өнім өндіруді жоспарлап отыр.
27.10.2016, 14:35
Қашағанда 2017 жылы 7 млн тоннаға дейін мұнай өндіріледі
Пікір жазу