Қазақ халқы қашаннан бері жаңа жыл тойлай бастады?
26.12.2018ж.

Қазақ халқы қашаннан бері жаңа жыл тойлай бастады?

Ресейге де бұл дәстүр еуро­па­лықтар арқылы жеткен. Олар жаңа жылды шыршамен қарсы алуды өз дәстүріне 1700 жылы енгізген. 1699 жылдың соңына қарай Ұлы Петр патша Жаңа жылға қатысты бұйрық шы­ғарады. Бұйрық бойынша, Жаңа жыл мерекесінде әрбір орыс отбасында безендірілген шырша немесе қарағай бұтақтары тұруы және бұл мереке жоғары дең­гейде тойлануы қажет болған, деп жазады aikyn.kz.

Осы кезден бастап, Жаңа жыл­ды тойлау орыс халқының дәс­түріне де дендеп ене бастайды. Ресейде безендірілген алғашқы шырша 1852 жылы Петербург қаласында бой көтерген. Бұл елде кеңестік қоғам орнағанға дейін шырша безендіру дәстүрі еш үзілмей келген болатын. Бірақ Кеңес Өкіметі орнағаннан кейін шырша безендіру - діни наным-сенім қал­дықтары ре­тінде бағаланып, бұл дәстүрге 1918 - 1935 жылдар аралығында тыйым салынған. 1935 жылы Павел Постышев шыршаны балаларға қуаныш пен бақыт сыйлау үшін енгізу ке­рек деген ұсыныс жасап, «Прав­да» газе­тіне жариялайды. Осы­дан кейін қаулы қабылданып, бұл мейрам «Исаның туған күні» емес, «Жаңа жыл мерекесі» ре­тінде халыққа қайта оралады. Онымен бірге әшекей таққан шырша да келеді. Осылайша Жаңа жылды тойлауға рұқсат беріліп, тіпті, 1940 жылдардың соңына қарай 1 қаңтарды демалыс күні деп жа­риялайды. Міне, дәл осы құ­жат Жаңа жыл­дың қазақ қо­ға­мына енуіне түрт­кі болды.

Қазақ жұрты бұл мей­рамды дәл сол жыл­дардан бастап тойламағаны­мен, бұл қаулы біздің дәстүрі­мізге осы мерекенің енуіне жол ашып берген еді. Негізінен, қа­зақ хал­қы Жаңа жылды соғыс біт­кеннен кейін ғана тойлай бастаған. Со­ғысқа дейінгі көр­кем әде­биет­терден Жаңа жыл туралы деректер кездестіре ал­май­сың. 

Дегенмен кейбір қазақ ға­лымдары Жаңа жыл мерекесін той­лау көшпелілерден тараған дәстүр екенін айтады. Мысалы, Мұрат Әджінің «Қыпшақтар» атты еңбегінің «Шыршалар мерекесі» деген тарауында осы мәселе қамтылады. Онда автор қыпшақтардың Жаңа жылды желтоқсанның соңында тойла­ған­дығын, тіпті, Үлкен деген ақсақалдың сүйікті ағашы шыр­шаны ерекше құрметтеп, оның бұтақтарына әртүрлі шүбе­рек­терді іліп, айнала ән шырқаған­дығын айтады. Бұл мәселеге қа­тысты көптеген пікірталастар жүріп жатқандықтан, нақты солай болды деп кесіп айту қиын. Сол себепті біз Жаңа жыл­дың дәстүрімізге енуін Ке­ңестік идеологиямен қатар қа­растырамыз.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер