Білгенге маржан. Косметология да ғылымның бір саласы
21.12.2017, 09:09

Білгенге маржан. Косметология да ғылымның бір саласы

Косметика ұғымы гректің «Kosmetike – әдемілеу өнері» деген сөзінен шыққан.

Косметика қазіргі деңгейге жетуі үшін ұзақ даму жолдардан өтті. Қазіргі косметика медицинаның маңызды салаларының бірі және медицинадағы физиология, биология, гигиена, биохимия, фармакология, хирургия, физиотерапия  және т.б салаларда кеңінен қолданылады. Терінің саулығы мен әдемілігін сақтау үшін қазіргі косметика түрлі емдік дәрі-дәрмектерді ұсынып отыр. Олардың  сапалық  дәрежесі жоғары: олардың ағзаға зиянды әсері жоқ, олардың көмегімен қажетті нәтижелерге жетуге болады.

Егер біз уақытымен және күнделікті қажетті косметикалық заттарды қолданып отырсақ, онда біз денсаулығымызды және сұлулығымызды сақтай аламыз.

Косметологияда бөлініп қарастырылады:

Ø Гигиеналық немесе профилактикалық косметика. Мұнда косметикалық заттарды жүйелі түрде қолданып, терінің кемшіліктерінің алдын алуға болады; Ø Дәрілік немесе арнайы косметика. Мақсаты беттегі косметикалық кемшіліктерді емдейді; Ø Хирургиялық немесе пластикалық косметика. Мақсаты дәрілік косметикамен емделмейтін ақауларды жою немесе жөндеу. Ø Сәндік косметика (декоративная). Оның негізгі мақсаты әртүрлі косметикалық заттардың көмегімен бет терісінің кемшіліктерін, сонымен қатар беттің келбетін қоюландыру үшін, артығырақ әдемілеп, айқындатып көрсету болып табылады.

 Сәндік косметика қатарына күнделікті және театрлық бет бояулары жатады. 

Күнделікті бет бояу – білдірілмейтін топтағы бояулар жатады. Олар бір жағынан беттің түсін шынайы бояйды, ал екінші жағынан бет кемшіліктерін жасырып, жалы бет келбетін жақсартады.

Театрлық бет бояу – оларға түрлі бояулар жатады. Сахнадағы әртістердің келбетін әрлендіріп, қойылымға бейімдеу.

Тәжірибелердің  көрсеткіштері бойынша косметологияда – гигиеналық косметика үлкен роль атқарады.

© irisgul.wordpress.com

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер