нан

Показать содержимое по тегу: нан

Бірде Ыбырайым пайғамбар Құдайға:

– Уа, Жаратушы Ием! Өзімді бай еттің, төрт түлігімді сай еттің. «Алмақтың да салмағы бар» деген. Мыңғырған малдың сұрауы қиын бола ма деп қорқамын. Артығын қайтып ал. Мен азға қанағат қылайын! – дейді. Алла оған:

 – Ей, Ыбырайым, берекем қашып, малым сарқылсын десең, бұдан былай нанды отырып емес, аттың үстінде же. Нанның қиқымы шашылып, жерге түссін. Нан рәсуа болса, берекең кетеді. Мен ырысты нанның қиқымына жасырғам. Сен ас жегенде бір түйірін де жерге түсірмей, етегіңе салып жинап аласың. Сондықтан береке дарып, саған дәулет тез бітті, – дейді.

«Нан қиқымын теріп же, бай боласың» деген сөз Ыбырайымнан қалыпты деседі.

Осы тыйымға орай ел ішінде мынадай да қызық аңыз сақталған. Ертеде ағайынды жалшы жігіттер байдың қойын бағып жүреді екен. Бай олардың еңбек ақысына бір жапырақ нан мен бір кесе сүт береді екен. Бір күні ағасы нан жеп отырып, оның қоқымын жерге түсіріп алады. «Ысырап болды ғой» деп, нанды іздей бастайды. Кеш батып, қас қарайып қалған кез екен. Ол нанның қоқымы түскен жерге таяғын қадап кетеді де, «ертең жарық кезде келіп, тауып алармын» деп ойлайды.

Ертесіне келсе, таяғы қап-қатты, ауыр темірге айналып кетіпті. Оны жерден әрең дегенде суырып алады. Қараса, темір дегені алтын екен. Жігіт бір күнде байып шыға келеді. Ертесіне інісі қалай байығанын сұрайды. Ағасы болған жайтты айтып береді. Інісі де ертесіне нанды жерге шашып, қоқым түскен жердің бәріне ағаш қадап кетеді. Таңертең  келіп қараса, ағаштары алтынға емес, сом темірге айналыпты. Ниетінде кінәраты бар інісі ақжүрек ағасы сияқты бай бола алмапты.

Нанның қиқымын қадірлеу туралы ғибратты аңыздар миғраж оқиғасында да айтылады. Мұхамбет пайғамбар миғражға барғанда бір адамды көреді. Ол түйенің үстіне мініп алыпты. Қолында ұзын, инедей жұқа таяғы бар екен. Сонымен тау-тасты шұқып, бір нәрсе іздеп жүреді. Әлсін-әлсін бір құс келіп, оның басынан шұқып өтеді екен. Пайғамбар Жебірейілден:

– Бұл кім? Не қылған пенде? – деп сұрайды. Жебірейіл періште:

– Бұл адам пәни дүниеде нанның қиқымын бейберекет шашып жеген. Ысырап, обал дегенді білмеген. Ысырапшылығы үшін Алла тағала ол адамға махшар алаңында жер бетінде өзі түсірген нанның қиқымын түйенің үстінде тұрып тергізеді, – дейді.

– Ал құс не үшін оның басын қайта-қайта шұқып кетеді?

– Ол нанның қиқымын таптап жүре беретін еді. Жинауға ерінетін. Нанның обалы қара құсқа айналып, төбесінен осылай шұқып кетеді, – деп жауап береді.

Пайғамбарымыз миғраждан келгесін сахабаларына нанның қиқымын шашпау, теріп алып қастерлеу туралы өсиет айтқан екен. Осы өсиет бізге жетіп, қазақтар «пайғамбар сүндеті» деп нанды қатты құрметтейтін болыпты.

Бертінге дейін қазақ арасында «нанның қиқымын шашпаңдар, обал болады. Құт-берекені періштелер мен хордың қыздары нанның қиқымына жасырады. Қиқымды теріп жесең, бай боласың» деген де түсінік болған.

Опубликовано в Әралуан

Түркіменстанда ұн тапшылығына байланысты халық ақ жүгері нанымен күнелтіп отыр, деп жазады centralasian.org.

Опубликовано в Жалпы экономика

Нан қиқымын теріп же, бай боласың...

Опубликовано в Руханият

Ұн мен йодталған тұздың байытылуы.

Опубликовано в Нетократия

«Қазаннан қақпақ кетсе, иттен ұят кетеді». Ащы айтылған осы мәтелдің мысалын өмірде әр жерде көріп жүрмін.

Опубликовано в New generation

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер