Күлкілі суреттер һәм еркектер
04.10.2016, 10:26

Күлкілі суреттер һәм еркектер

Күлкілі суреттер һәм еркектер total-positive.com

Күйбең тірлік. Өмірдің, отбасының ажырамас осы бір бөлігін Құдай о баста меншіктеп, қайда барса да, немен айналысса да нәзік жандыларға еншілеп қойғандай.

Заманауи технологиялар әйелдерге жан-жақтан көмек беріп, қолдарын жеңілдетсе де, үй шаруасының қылт етіп басқа бір басы көріне қалады. Ескілікті адамдар «Біздің кезімізде бәрін техникасыз-ақ, үлгеретінбіз», деп келіннің үлгермей жатқан тірлігін тұспалдап айтып отырады.

«Бір қарасаң, үйдің іші күндегідей, өзгеріс жоқ, әр зат өз орнында, жаңалық жоқ, яғни әйел таңнан кешке дейін не бітірген»,-деген сауал әр үйдің мырзасының басына әй, ең құрығанда бір кіріп-шыққан шығар (кіріп алып шықпайтындары да жетерлік). Ал келіншегінің күш-қайраты сол үйді өзгеріссіз ұстап отыруға жұмсалғанын қайдан сезсін.

Бірде киім-кешек сататын дүкенге бас сұқтым. Бір баласын жетектеп, екіншісін арбамен сүйреп келіншек кірді. Әйелге тән әуестікпен киімдерге қызыға қарап жүр. Таңдап, өлшеп алуға әлгі жетектегілер мұрша берер емес, бірі әр киімді тартқылап, анасынан қашып жүр, екіншісі арбадан түсемін деп қыңқылдап келеді.Бір уақытта ығыр болған анасы, балаларын ала-мала дүкеннен атып шықты. Іштей түсініп тұрмын.

Мың жерден күйбең жұмыс әйелдің парызы болса да, ол нәрсе қажытады, әсемдігі мен бойындағы күшін сорып алады. Өзіне деген сеніміне селкеу түсіреді. Әдемі болуға деген құлшынысын жоғалтады. Сондықтан, кейде дүние асты-үстіне түсіп кетсе де, ешнәрсеге қарамастан өз-өзіңді еркелеткен, алдыға мақсат қойған, жаңа киімдер алып, иіссу, әрлейтін заттар т.б алған өте дұрыс, және «бюджеттен» қаржы бөлінгенін қадағалау қажет. Ал жігіттер, бұл тұрғыдан демеп отырса, тамаша. Әдеміні алыстан іздемей... Бірде стомотологияға бардым, тісімді емдеттім. Дәрігерге: «Сіздердің келіншектеріңіздің тісі маржандай шығар» десем, «олар бізге жалынып жүреді, тегін емдегің келмейді екен», деп әзілдеп күлді...  

Ер-азаматтар отбасының тірегі, қорғаушысы. Олар шаршап-шалдығып, үйге қайтады. Асын асыл жары сызылып алдына әкеліп тұрса, сосын...сосын аяқты іліп қойып, теледидар көрсек...Көрдіңіз бе, ол шаршады, шаршап келген адамға «ақымақ, күйеудің қадірін білмейтін, дұрыстап бабын жасамайтын әйел не керек?!». Жігіттің отбасындағы осы статусын қызғанып отырған жоқпын. Әйелдің үй шаруасымен айналысуына жағдай жасау, (қисайған қора, шабылмаған отын, шегесі түскен сықырлауық есік, өтпес пышақ, сөнген лампы, т.б. болмауы),тіпті тұрмыстағы техникаларды ойлап табу ол әрине  еркектердің арқасы. Бірақ, бүгін әңгіме олар туралы емес.

-Лампы күйіп қалды, ауыстырып берші!

-Жарайды, лампы қайда, светті ар жақтан өшір, стол әкелші,... бұралмай тұр, пласкобыс...аййй, қолыма кірді, ойбай қанады, бинт...қайшы, тұрыңдаршы әрі аяққа оралмай, столды ұстап тұр...Көрдің бе, жөндеп тастадым. (Соңына дейін шыдамы жетіп, күткен әйелі: Ммм, тәк,қалай мақтаса болад!? )

Сізге таныс па бұл көрініс?

Ауылда қолына пышақ ұстап, «қойды бауыздап бере қойшы», деп ағамызды қуалап жүретін жеңгемізді білемін. Бауыздап берсе, ары қарай өзі-ақ жәукемдеп тастамақшы ғой. Осындай жеңгелеріміз жетерлік. «Күндіз қырық кісіні, түнде қырық қонақты күтіп», қабақ шытпаған қазақтың сабырлы аналарының да «мырзалардың жалқаулығында» үлесі бар-ау!

 

 Чтобы крыша не упала

Вентилятор с бумажными лопастями

 

Зонтик починил

Казанок на швабре

 

Качели для ребенка

Миксер

 

Починил кран на кухне

Ручка на кастрюле

Сушка посуды

К.Жақсылыққызы

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер