Энергетикалық сусын VS қымыз: пайдасы мен зияны
10.10.2018ж.

Энергетикалық сусын VS қымыз: пайдасы мен зияны

Күні бойы сергек жүру, күш-қуатыңның көп болғанын қалайсың ба? Қазір нарықта бұл сұранысты қанағаттандыратын энергетикалық сусындардың түр-түрі бар. Оның құрамында күш-қуатты арттыратын қандай элемент бар? Олар жай сусын ба, әлде есірткі ме? Бірге білейік.


Байқап қарасақ, энергетикалық сусынды бір ішкен адам тағы да сатып алып, ішкісі келіп тұрады. Ғалымдардың айтуынша, энергетикалық сусынның құрамында кездесетін кофеин жүрек соғысының жиілігін арттырады. Сондай-ақ, орталық ойлау жүйесінің жұмысын күшейтеді. Алайда, бұл сусындарды ұзақ уақыт пайдалансаңыз, артериалды қан қысымы көтеріліп кетуі мүмкін.

Энергетикалық сусындарды балаларға мүлдем ішуге болмайды. Себебі, олардың организмі онсыз да белсенді.

Өнімнің кез-келген түрін көп мөлшерде қолдануға болмайды. Қолданған жағдайда осматикалық шок болады. Яғни, жасуша зақымданады. Тіпті, ағзаға пайдалы деген етті, шоколадты, нанды да көп жесеңіз, организмде ауытқулар пайда болады. Сол сияқты энергетикалық сусындарды да литрлеп ішпеу керек.

24tv.ua

Мысалы, спортшылардың әрқайсысына арнайы тамақтану тәсілдері жасалады. Қанша құрамда, қандай мөлшерде нені, қашан жеу керектігі анық көрсетілген. Тура солай әр адам өзінің денсаулығына байланысты таңдау жасау керек. Егер адам шәй ішкеннен кейін өзімен-өзі ашуланып немесе жүрегі ауыратын болса, онда оған шәйдан бас тартқаны дұрыс. Оның орнына су ішу қажет.

Жүкті әйелдерге қуат беретін сусынды ғана емес, шәй, кофе ішуге, шоколад жеуге болмайды.

Энергетикалық сусынды жиырмасыншы ғасырдың 60 жылдары Вьетнамда соғысқан америкалық жауынгерлердің моральдік және әскери рухын ынтыландыру үшін АҚШ-тың Қорғаныс Министрлігі әзірлеген. Алайда осындай сусындарды тұрақты пайдаланудың нәтижесінде жауынгерлердің арасында бас ауруы, ми ісігі, бауыр ауруы сынды дертке шалдыққандар көбейіп кеткен. Мұның салдарынан сескенген Пентагон сусындарды әскерлерге беруге тыйым салуға мәжбүр болған.

Әлемде энергетикалық сусындарды сатуға да, ішуге де қатаң тыйым салған елдер бар. Мысалы, Австралия, Жаңа Зеландия, Сауд Арабиясы нарықтарында мұндай сусынды кездестіре алмайсыз. Ал Дания мен Норвегияда дәріханаларда ғана сатылады екен.

Бір қызығы, әлем бойынша дұрыс тамақтануды үйретіп жүрген ұйымдар – энергетикалық сусындарды өндірушілер.

Мамандар энергетикалық сусынды бие сүтімен, қымызбен алмастырған дұрыс дейді. Қымыздың денсаулыққа аса пайдалы екенін ел жақсы біледі. Мысалы, қымыз өкпе ауруына, қан азайғанда, асқазан жарасына т.б. сырқаттарға таптырмайтын мықты ем. Биенің сүті кобальт, мыс, марганец, күміс, кальций секілді адам организміне аса қажетті микроэлементтерге бай. Қазақта қымыз туралы “ауруға ем, сауға қуат” деген тіркес қолданылады. Осыдан-ақ оның энергетикалық қуатының мықты екенін аңғаруға болады.

Ал сіз қайсысын таңдайтын едіңіз, ұлттық сусынды ма, әлде энергетикалық сусынды ма?

 

©Дана Маратова

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер