Тоқтамыс пен Едіге неге бір шыңда жерленген?
05.04.2019, 09:22

Тоқтамыс пен Едіге неге бір шыңда жерленген?

Тоқтамыс ханның ордасында беделді би болған Едіге қасиетті Ұлытаудың биік шыңдарының бірінде жерленген. Ол шың кейіннен Едіге деп аталып кеткен. Өз дәуірінде ерекше құрметке ие болған бидің қасында Тоқтамыс хан жерленген екен. Massaget.kz тілшісі тарихта бір-біріне қас болған тұлғалардың бір шыңда жерленуінің себебін анықтап көрді.

Тарихи деректерге көз жүгіртсек, Едіге Темір-Мәлік ханның ұлы Темір-Құтлықпен бірге Тоқтамыстан қашып шығады да, Ақсақ Темірге келеді. Кейін Ақсақ-Темірдің көмегімен Тоқтамысқа қарсы соғысады. Алдыңғы шебі көрінбейтін ұрыстарда аман қалған Едігеден қасындағы нөкерлері қартайған шағында өзінің бақилық болғаннан кейін қайда жерлеуін мақұлдайтынын сұраған екен. Сонда Едіге «Мен өлгеннен кейін ақ киізге орап, жылқыға нықтап байлаңдар. Сосын аттың басын бос қойыңдар. Жылқы қайда барып тоқтаса, мені сонда жерлеңдер» деген екен. Сарбаздар бидің өсиетін бұлжытпай орындайды. Ат Ұлытаудың бір шыңының басына барып тоқтайды. Алтын Орда ханы Тоқтамыстан да көзі тірі кезінде уәзірлері осы өсиетін айтуын сұраған екен. Тоқтамыс еш ойланбай, Едігенің қасына жерлеуді бұйырады. Сонда уәзірлері хан өзінің қас жауымен неліктен бір шыңда жерленуін қалап жатқанын сұрайды. Тоқтамыс бұл сұраққа «Бұл дүниеде Едігемен қырылған жау болдық. О дүниеге барғанда онымен дос болғым келеді», - деп жауап берген екен.

Ұлы қорғандар, қорымдар, Беғазы Дәндібай мәдениетінің кесенелері, тастағы таңбалар, петроглифтер, шахталар, мыс, қалайы, күміс, алтын және балқытқан металл қорыту пештері, басқа да көне ескерткіштер мен ғалымдардың зерттеулері Ұлытау көне заманнан бері Сарыарқаның және барлық даланың орталығы болғанын растайды. Ұлытау — бұл біздің ата-бабаларымыздың мыңдаған ғасырлық аңызына айналған, ақындары жырлаған қазақ халқының құрметтейтін қасиетті жері.

Естеріңізге сала кетсек, Қазақстан Ұлттық Географиялық Қоғамының бастамасымен ұйымдастырылған "Ұлытау" экспедициясы өткен жылдың тамыз айында Қазақстанның қасиетті өлкесін зерттеуге барған болатын. Экспедицияға қатысушылар Едіге би мен Тоқтамыс хан жерленген Едіге шыңын бағындырып, тау бөктеріндегі судың құрамын анықтады.


Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер