Клиент пен сатушының арасындағы дау неден туындағаны белгісіз, бірақ видеокадрлардан мейрамханаға келуші ер азаматтың дөрекілігі анық көрініп тұр. Ол алдымен қызметшіге жекіп сөйлеп, артынша қуырылған картоптың бір данасын бетіне лақтырады. Сатушы жігіт те қарап қалмай, қарсыласына қолына түскен заттарды лақтырған. Мұнан кейін екеуі тамақтанатын бөлмеде төбелесін жалғастырды.
Видео авторы осы жағдайдан кейін фастфуд қызметкерінің жұмыстан қуылғанын жазыпты. Дегенмен, желі қолданушыларының барлығы дерлік сақалды клиенттің тым дөрекі және ер азаматқа жат қылық көрсеткенін айтуда.
Дереккөз: sn.kz