2018 жылдың наурыз айында аспанда «көгілдір түсті ай» пайда болады
26.02.2018, 11:34

2018 жылдың наурыз айында аспанда «көгілдір түсті ай» пайда болады

2018 жылдың наурыз айында аспанда «көгілдір түсті ай» пайда болады baq.kz

2 және 31 наурыз күндері бір айда екі рет ай толады. Мұндай құбылысты «көгілдір түсті ай» деп атайды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі қазақстандық астрофизик Виктор Тейфель айтқан мәліметке сүйеніп.

«Негізінде ол күні айдың түсі көгілдір түске өзгеріп кетпейді. Бұл ағылшын тіліндегі «Once in a Blue Moon» тіркесіне, яғни «өте сирек, жүз жылда бір рет» деген сөзге балама ретінде пайда болған теңеу», - дейді қазақстандық астрофизик.

Бір айда Айдың екі рет толуында тұрған ерекше ештеңе жоқ.

«Америкалықтар айдың толуына қатысты көптеген теңеу қолданады. Айдың шынымен көгілдір түске боялғанын орманда өрт болған кезде көруге болады. Өрттен шыққан түтіннің арғы жағынан ай көгілдір түсті болып көрінеді», дейді Виктор Тейфель.

Наурыз айының жиырмасы күні, Астана уақытымен сағат 21:15-те астрофизиктер күн мен түннің теңелетінін атап өтеді.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер