Димаш Құдайберген "Грэмми" жүлдесін иеленген әншімен дуэт айтады
22.01.2018, 07:53

Димаш Құдайберген "Грэмми" жүлдесін иеленген әншімен дуэт айтады

 

Димаш Құдайберген "Грэмми" жүлдесін иеленген әншімен дуэт айтады, деп хабарлайды Today.kz. Бұл туралы Димаштың өзі Instagram желісіндегі парақшасында мәлімдеді.

"Жақын арада "Грэмми" жүлдесінің иегерімен дайындап жатқан дуэтімізді күтіңіздер", - деп жазды Димаш. 

Құдайберген өзімен дуэт айтатын әншінің аты-жөнін әзірге құпия ұстап отыр. 

Айта кетейік, Димаштың әлемдік турнесі жалғасуда. Ол Қытайдың бірнеше қаласында жеке концертін өткізді. 

Грэмми сыйлығы – музыка индустриясындағы ең абыройлы марапат. 

Жазба авторы:

Мейіргүл Оңғарова

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер