АҚШ тұрғынына Facebook желісінде тікелей эфир кезінде оқ атылды
05.01.2018, 18:09

АҚШ тұрғынына Facebook желісінде тікелей эфир кезінде оқ атылды

Оқиға Вашингтон паркіне жақын маңда Чикагода болды.

WGN9 телеарнасының мәліметінше, америкалық 27 жастағы қыз әлеуметтік желіде видео трансляция жасап келе жатып, тұрақта отырған бір әйелмен жанжалдасып қалған. Көп ұзамай шыдамы таусылған көліктегі әйел қыздың аяғына оқ атқан. Зардап шеккен қыз онлайн-эфирді тоқтатпай, ары қарай түсіруді жалғастырады. Екеуі таныс болып шыққан.

Оқ атылған сәт кадрға түспеген, алайда құқық қорғау органдары видеода болған жәйтті растап берді. Жергілікті полиция шабуыл жасаған әйелді іздестіріп жатыр. Зардап шеккен қыз қазіргі уақытта ауруханада жатыр, оның жағдайы бірқалыпты.rinew

Дерексөз: tengrinews

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер